RU

Көкшетау аспанында ұшып жүрген тікұшақ тұрғындарды алаңдатты (видео)

Алаяқ1
Фото: Куәгерлер

Бүгін Көкшетау қаласының көгінде ұшқан тікұшақ тұрғындардың назарына ілікті. Кейбір тұрғындар тіпті, тікұшақ ауаға белгісіз заттар шашып жүр деген болжамды қайталай бастаған. Жағдайға Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомство тұрғындардан сабыр сақтауға шақырды.

Белгілі болғандай қалада 9-23 қазан аралығында лаңкестікпен күрес жөніндегі облыстық жедел штаб әскери техника мен арнайы техниканың қатысуымен жоспарлы жаттығулар өткізіп жатыр екен.

Осы орайда басқарма адамдарды жағдайға түсіністікпен қарап, шындыққа жанаспайтын ақпарат таратпауға шақырды.

Айта кетейік, қазақстандықтар әлеуметтік желіде "ауаға белгісіз заттар шашу" туралы ақпаратты жиі талқылайды.

Мысалы, жазда ел аумағында ұшақ белгісіз қызыл зат шашып ұшқаны туралы мәлімет пайда болған еді. Билік бұл ақпаратты жалған деп атады.

Оған қоса, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров мессенджерлерде тараған видео туралы пікір білдірген болатын.

Ол мессенджерлерде тараған "Атырауда тікұшақпен у шашылды, одан балалар ауырады" деген ақпараттың шындыққа жанаспайтын жеткізді.

Сондай-ақ Шымкент қаласының тұрғындары да әуеде қалықтап жүрген әскери тікұшақтарды талқылаған болатын.

Арасында әуе көліктерінің не мақсатпен айналып жүргеніне болжам жасағандар да табылған еді. Осы орайда қорғаныс министрлігі бұдан еш қорқудың қажеті жоқ екенін, мұның тек жоспарлы ұшу екенін мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879394-kksetau-aspanynda-syp-zrgen-tiksaktar-trgyndardy-aladatty-video.html