RU

Нұр-Сұлтанда карантин шаралары күшейтілуде

Карантин2
Көрнекі фото: NUR.KZ

COVID-19 індетін жұқтыру қаупінің жоғарылауы мен науқастардың санының артуына байланысты елордалық штаб отырысында бірқатар қосымша шектеулер қабылданды. Карантиндік шаралар ертеңнен бастап, яғни 14 қазаннан бастап күшіне енеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімі Алтай Көлгіновтың ресми Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Біріншіден, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері мен олардың квазимемлекеттік секторының кемінде 60% - ы қашықтан жұмыс режиміне ауысады. Адам көп жиналатын жеке ұйымдар жұмысшыларды қашықтан жұмыс режиміне ауыстыруы қажет. Індетті жұқтырудың негізгі ошақтары - ұжымдық (еңбек) ошақтар. Жұмыс орындарында санитария-эпидемиология нормаларының қатаң сақталуын бақылау қажет.

Екіншіден, кафе, мейрамхана, бар, асхана және басқа да қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс уақыты 22 сағатқа дейін (9:00-ден 22:00-ге дейін) қысқартылады. Жұмыс күндері де, демалыс күндері де. Толтырылуы 30 орыннан артық емес.

Нотариустардың, адвокаттық кеңселердің, бухгалтерлердің, консалтингтің, жылжымайтын мүлік агенттіктерінің, жарнама агенттіктерінің, сот орындаушыларының, туроператорлардың және т.б. жұмыс кестесі жұмыс күндері де, демалыс күндері де.сағат 18-ге дейін (9:00-ден 18:00-ге дейін) болады.

Азық-түлік емес тауарлар мен заттарды сататын бутиктерге тек жұмыс күндері 18 сағатқа дейін жұмыс жасау рұқсат етіледі.

Монша, бассейнмен қамтылған сауналардың жұмыс кестесі: жұмыс күндері 8:00-ден 21:00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері 9:00-ден 19: 00-ге дейін. Алдын-ала жазылу міндетті.

Жексенбіде қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады. Автобустар дезинфекцияланады.

Үшінші. Полиция департаменті санитарлық дәрігерлермен бірлесе күнделікті рейдтер жүргізіп, санитария нормаларын ұстану бойынша заңбұзушылық фактілерін анықтау жұмысын күшейтуі қажет.

Рейдтер көптеген нысандардың санитария-эпидемиология нормаларын қатаң сақталмай жатқандығын көрсетіп отыр. Ұйымдар эпидемиялық талаптарды бірнеше рет бұзған фактілер болды. Мұндай рецидивистердің қызметі тоқтатылады.

Айта кетейік, күні бүгін Нұр-Сұлтанға шетелден келген 104 жолаушы карантинге алынып, біреуі депортацияланғаны белгілі болды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маминге елдегі эпидемиологиялық ахуалды қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879412-nr-sltanda-karantin-saralary-ksejtilude.html