RU

Алматыда әуежай мен қоғамдық орындарда бақылау күшейтілді

Жолаушылар әуежайда отыр
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Әлемдегі эпидемиялық жағдайдың нашарлауын ескере отырып, Алматы қаласының билігі коронавирус инфекциясының ықтимал екінші толқынына дайындықты бастап кетті. Осы орайда іске асырылып жатқан шаралар арасында әуежай мен қаладағы қоғамдық орындарда бақылауды күшейту қолға алынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ оңтүстік астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдік коронавирус инфекциясының жұқтыру көзі оның сырттан келіп және оның қала ішінде таралатылатынын ескере отырып, көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша кешенді шараларды қабылдауда.

Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін Алматы қаласының халықаралық әуежайында тұрақты түрде елімізге шетелден келетін азаматтарға тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. Мақсаты – ұшып келгендер арасында коронавирус инфекциясын анықтауға арналған тесттен өткені туралы анықтамасы жоқ азаматтарды анықтау, және сәйкес диагностиканы жүргізу үшін жедел оқшаулау.

Биылғы жылдың 12-13 қазаны аралығында шетелден Алматы қаласына 1456 жолаушысы бар 11 әуе рейсі келді. 207 жолаушының анықтамасы жоқ болып шықты. COVID-19-ға тест тапсырғаны туралы анықтамасы жоқ жолаушылардың бәрі қонақүйлер жанынан құрылған карантиндік стационарларға коронавирус инфекциясына лабораториялық тексеру жүргізу үшін оқшауланды.

Өз кезегінде, жұқтыруды болдырмау мақсатында қала аумағында карантин шараларының бұзылу фактілерін анықтауға және қауіпсіздіктің санитарлық-эпидемиялық талаптарын одан ары орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған 26 мониторингтік топ қызмет етуде.

Ағымдағы жылдың 12-13 қазан аралығында карантин талаптарының сақталуы бойынша 243 тексеру шаралары жүргізілді, 27 нысанда тәртіпбұзушылықтар анықталды, маска режимін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-тармағы бойынша 5 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қызметіне тыйым салынған, сонымен бірге, жұмыс режимінде Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 15.08.2020 жылғы № 56 қаулысындағы талаптарды бұзған нысандар анықталды.

Қалада кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ, жеке тұлғалар тарапынан санитарлық-эпидемиялық талаптардың бұзылуы жалғасып жатқандықтан, Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықовадан коронавирус инфекциясына қатысты кеңінен тараған сұрақтар және алдын алу шаралары жөнінде жауап берді.

- Маска режимін сақтаудың қажеттілігі неде?

- Қоғамдық орындарда, адамдар көп өтетін көшелерде, оның ішінде қоғамдық көлікте бетперде кию вирустың ауамен таралуына жол бермейді. Өздеріңіз білетіндей, адамдар коронавирус инфекциясымен симптомсыз ауыруы мүмкін және бұл туралы білместен, қоғамдық орындарда жүрген кезде маскаларды қолданбау арқылы басқаларға жұқтыру қаупін тудырады.

Әрине, тығыз байланыста немесе бір бөлмеде ұзақ уақыт болған кезде маскалар вирустардан кепілдендірілген қорғауды қамтамасыз етпейді, бірақ бұл ықтималдығын айтарлықтай төмендетеді. Барлық адамдардың маскаларды қолдануы қоғамдағы ықтимал науқастың 90% - на дейін жұқтыру қаупін азайтады.

- Өзіңізді қорғау үшін қоғамдық көлікпен жүрген кезде қандай ережелерді ұстану керек?

- Міндетті түрде маска кию,көзді, ауыз және мұрынды ұстамау, қолды өңдеу үшін антисептик қолдану; лық толған қоғамдық көлікке отырмау.

- Ата-аналарға қандай ұсыныстар бере аласыз? Мектептер мен балалар алаңдарына кезекші топтарға бару кезінде балаларды қалай қауіпсіздендіруге болады?

- Мектептердегі кезекші сыныптарға баратын балалардың ата-аналарына арналған ұсынымдар қоғамдық орындардағы іс-әрекеттерге ұқсас, бірақ ата-аналар мен мектеп басшылығы тарапынан, сондай-ақ міндетті күнделікті фильтрмен бақылау керек, егер бала сырқаттанып қалса немесе ЖРВИ белгілері анықталған жағдайда оны нақты диагноз қойылғанға және сауыққанға дейін шеттету қажет.

- Жалпы, коронавирустың ықтимал жаңа толқынының басталуына байланысты тұрғындарға қандай ұсыныстар бересіз?

- Тұрғындарға коронавирустың күтіліп отырған жаңа толқынының басталуына байланысты стандартты сақтық шараларына бей-жай қарамауды, қонақтарды шақыру арқылы жаппай отбасылық іс-шаралар өткізбеуге, адамдар көп жиналатын жерлерге барудан аулақ болуға, қатты қажеттілік туындамаса, қоғамдық көліктермен жүруден және шет елдерге ұшудан аулақ болуға, кішкентай, қарт және жасы егде тартқан отбасы мүшелерін қорғауға кеңес береміз. ЖРВИ белгілері пайда болған жағдайда өзін-өзі емдеумен айналыспау керек, отбасының басқа мүшелерінен оқшауланыңыз және дәрігерді үйге шақырып, медициналық көмекке жүгініңіз.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы әкімі Бақытжан Скғынтаев қалада қандай жағдайда қатаң шектеулер енгізілетінін айтқан болатын.

Сонымен қатар, президент премьер-министр Асқар Маминге елдегі эпидемиологиялық ахуалды қатаң бақылауға алуды тапсырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879414-almatyda-uezaj-men-kogamdyk-oryndarda-bakylau-ksejtildi.html