Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қырғызстандағы әріптесіне қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Тоқаев пен Жээнбеков қол алысып тұр
Фото: Akorda.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының басшысы Сооронбай Жээнбековтың әрекеттеріне қатысты өз бағасын берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Тоқаевтың ресми Twitter парақшасына сілтеме жасап.

"Президент Сооронбай Жээнбеков – мемлекеттің легитимді басшысы. Сондықтан оның қақтығыстарды тоқтатып, елдегі ахуалды қалыпқа келтіруге бағытталған әрекеттерін қолдаймын. Қазақстан үшін Қырғызстандағы тұрақтылық стратегиялық серіктес әрі одақтас ретінде маңызды" , - деп жазды президент.

Сонымен қатар, Тоқаев Қырғыз еліндегі жағдайдың конституциялық жолға түсу бастағаны қуантарлық жағдай екенін алға тартты.

"Бауырлас Қырғыз еліндегі жағдайдың біртіндеп конституциялық жолға қайтқаны қуантады. Біз барлық саяси күштерді қақтығыстардың алғашқы сәтінен ақ сабырға шақырдық" , - деп пікірін білдірді мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауда жеңген Тәжікстан президентін құттықтағанын хабарлаған болатынбыз. Мемлекет басшысы әріптесі Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесіп, сайлау қорытындылары оның стратегиялық бағытына деген жоғары сенім мен бүкілхалықтық қолдаудың белгісі екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан президенті коронавирус пандемиясының екінші толқынына дайындық жөніндегі кеңесте сөз сөйлеп, қазақстандықтарды коронавирусқа қарсы вакцинамен қамтамасыз етудің маңызды екенін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1879416-tokaev-kyrgyzstandagy-riptesine-katysty-pikir-bildirdi/

pixel