Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Енесін өз анасындай көрген жетісулық келін елді тәнті етті (фото)

Опубликовано:

Жетісулық келін енесімен
Фото: Instagram/zhetysu_kelindery

"Жетісу келіндері" жобасына қатысып жатқан 25 жастағы Талдықорған тұрғыны енесіне жүрекжарды жазба арнап, онда екеуінің қарым-қатынасына қатысты бар шындықты айтты. Айдана Керимованың сөзінше, олардың арасында басынан бастап, анасы мен қызының арасындағы байланыс орнаған. Желі қолданушылары жолдасының анасына жылы лебізін білдіріп, оған деген асқан сыйластығын танытқан жетісулық келінге тәнті болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көпшілікке ерекше әсер еткен келіннің жазбасы Instagram желісіндегі zhetysu_kelindery парақшасында жарияланған. Онда 25 жастағы Айдана Керимова жұбайының анасымен қарым-қатынасы жайлы жан сырын ақтарған.

"Уразалиевтер әулетіне келін болып түскеніме Алла қаласа 4 жыл болды. Қазіргі таңда Құдайдан тілеп, сұрап алған Асылым деген періштедей қызым бар.Жолдасым үйдің кенжесі болғандықтан ата-енеммен бірге тұрамыз. Анам(енем) тәжірибелі мұғалім болған, қазір зейнеткер" , - деп жазды жетісулық ару.

Жас келіннің айтуынша, енесі оны ешқашан келін ретінде қабылдамаған.

"Екеуміздің қарым-қатынасымыз туралы айтатын болсам, шүкір бәрі жақсы. Өз қызына қалай қараса мағанда дәл солай қарайды. Ешқашанда ешнәрседен шеттеткен емес. Әрқашан маған барынша қолдау көрсетіп отырады. Әркез ақылын айтып, жақсылығымды асырып, жамандығымды жасырып отырады" , - деп жазды жас ана.

Қызығы, енесі мен келінінің мінезі өте қатты ұқсайтын болып шыққан. Оны алғашқылардың бірі болып, Айдананың жолдасы байқаған.

"Екеуміздің мінезіміз де өте қатты ұқсайды. Оның дәлелі жолдасымның маған айтқан сөзі деп білем.(Сенің тура осы мінезін маманнан аумайды екен деген). Екеумізде үйге қонақ шақырғанды және қонаққа барғанды жақсы көреміз. Аллаға шүкірлік айтам осындай отбасына келін болып түскеніме. Ен алдымен маған Аманжолдай жар сыйлағаңызға алғыс айтамын. Сізге Алла денсаулық берсін, ауырманыз ешқашан" , - деп ізгі ниетін білдірді Айдана.

Желідегілер жас келіннің жазбасына тәнті болып, оның енесіне деген ерекше махаббатын жоғары бағалаған. Көпшілік енесі мен келінінің арасындағы мұндай арақатынасты қазіргі кезде өте сирек кездестіруге болатынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1879417-enesin-z-anasyndaj-krgen-zetisulyk-kelin-eldi-tnti-etti-foto/

pixel