Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар ТМД-ның басқа елдеріне қарағанда COVID-19-ға ең аз алаңдауда

Опубликовано:

тәж45
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстан азаматтары ТДМ елдерінің өзге тұрғындарына қарағанда коронавирус пандемиясына аса қатты алаңдаушылық білдірмейтін болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ StopCov/Almaty Telegram-каналына сілтеме жасап.

Сарапшылар COVID-19 ға байланысты туындаған беймазалық индексін зерттеп, осындай шешімге келді.

COVID-19-ға байланысты туындаған беймазалық индексі вирус тақырыбының интернетте әр 10000 адамға шаққандағы күн сайынғы айтылу санына тең.

Сарапшылар Ресей, Украина, Қазақстан, Беларуссия, Армения және Молдавиядағы адамдардың мінез-құлқын сараптамадан өткізген.

Беймазалықтың ең жоғары индексі Ресейде, ал бәрінен аз мазасыздық таныту Қазақстан мен Арменияда тіркелді.

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтанда карантин шаралары күшейтілгенін хабарлаған болатынбыз. Жаңа шектеулер ертеңнен бастап заңдық күшіне енеді. Қосымша шектеулер елорданың әкімі Алтай Көлгіновтың Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.

Оңтүстік астана Алматыда да карантин шаралары күшейтіле түсті. Мегаполисте әуежай мен қоғамдық орындарда бақылау қатаңдатылды. Әлемдегі эпидемиялық жағдайдың нашарлауын ескере отырып, Алматы қаласының билігі коронавирус инфекциясының ықтимал екінші толқынына дайындықты бастап кетті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Маминге елдегі эпидемиологиялық ахуалды қатаң бақылауға алуды тапсырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1879420-kazakstandyktar-tmd-ny-baska-elderine-karaganda-covid-19-ga-e-az-aladauda/

pixel