Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Apple компаниясы iPhone 12 смартфонын таныстырды (фото)

Опубликовано:

Apple компаниясы жаңа iPhone таныстырды
Фото: apple.com

Америкалық Apple компаниясы өзінің онлайн презентациясы кезінде көпшілікке жаңа iPhone 12 смартфонының моделін таныстырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жаңа смартфонға бесінші буын желілерін (5G) қолдайтын жаңа Apple A14 чипі салынған. Чиптің екі қуатты ядросы және қарапайым тапсырмалар үшін тағы төртеуі бар, графикалық жүйенің төрт ядросы бар, деп хабарлайды Lenta.ru.

Гаджеттің артқы жағында әрқайсысында 12 мегапиксельді қос камера бар. Алдыңғы модельдерден айырмашылығы – жаңа iPhone-да телеобъектив жоқ.

Apple компаниясы жаңа iPhone таныстырды
Фото: apple.com

Смартфонның OLED дисплейінің максималды жарықтығы 1200 нитке тең. Дисплейдің тұнықтығы – 2532-ден 1170 пикселге дейін, пиксель тығыздығы – 460 дюймге тең.

Сырттай жаңа iPhone өз стиліндегі тегіс жиектері бар жаңартылған дизайнымен ерекшеленеді, оның пішіні 11 пайызға жұқарып, 15 пайызға кішірейіп және 16 пайыз жеңілдеген.

Сондай-ақ, смартфон магниттерді пайдаланып артқы қабырғаға аксессуарларды бекітуге мүмкіндік беретін MagSafe технологиясымен жабдықталған. Осылайша, жаңа модельге сымсыз зарядтағышты, сыртын қаптауға арналған аксессуарды және басқа керек-жарақтарды қоса аласыз.

Құлаққаптар мен қуат көзі жинақтауға қосылмайды. Смартфон салынған қорапта тек нұсқаулар мен Type-C-Lightning зарядтайтын сымы болады.

Сонымен қатар, Apple тұсаукесерде iPhone12 mini смартфонын ұсынды. Бұл iPhone 12-ге ұқсас құрылғы, тек пішіні кішірек. Пайдаланушы құрылғыны олардың өлшемдеріне сәйкес таңдауға мүмкіндік алады.

Apple компаниясы жаңа iPhone таныстырды
Фото: apple.com

Жаңа iPhone құрылғысының минималды құны $ 799 (шамамен 340 мың теңге), iPhone 12 mini – $ 699 (шамамен 300 мың теңге) құрайды.

Айта кетейік, бұған дейін ресейлік маман телефонмен сөйлескенде жаңғырық шығуының бірнеше себебі барын айтқан еді.

Сондай-ақ WhatsApp мессенджерінде өшірілген хаттарды қалай көруге болатыны туралы жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1879430-apple-kompaniasy-iphone-12-smartfonyn-tanystyrdy-foto/

pixel