RU

Қазақстанда тағы 83 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда тағы 83 адамнан коронавирус анықталды
Көрнекі фото: Vincent Duterne / Photonews via Getty Images

Қазақстанда өткен тәулікте тағы 83 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы Сoronavirus2020 ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазақстанда өткен тәулікте 83 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды", – делінген ресми хабарламада.

Аймақтар бойынша:

Алматы қаласында - 14473(+10),

Нұр-Сұлтан қаласында - 14213(+7),

Атырау облысында - 11162(+9),

Қарағанды облысында - 10363(+6),

Шығыс Қазақстан облысында - 8954 (+11),

Батыс Қазақстан облысында - 6894(+4),

Алматы облысында - 4999(+4),

Солтүстік Қазақстан облысында - 4243(+12),

Жамбыл облысында - 4147(+2),

Павлодар облысында - 4004(+5),

Ақмола облысында - 3537(+6),

Қостанай облысында - 3527(+4),

Түркістан облысында - 3395(+1),

Маңғыстау облысында - 3363(+1),

Ақтөбе облысында - 3258(+1).

Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 108 984-ке жетіп отыр.

Еске салсақ, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың екінші толқыны жоқ екенін мәлімдеген болатын.

Бұл жөнінде ұйымның төтенше жағдайлар жөніндегі аймақтық директоры Дорит Ницан "Пандемия 2020: қауіп-қатерлер, шешімдер, салдары" тақырыбында өткен халықаралық конференцияда айтқан.

Ал еліміздегі денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтыру бойынша жағдай күрделеніп бара жатқанын жеткізген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879437-kazakstanda-tagy-83-adamnan-koronavirus-anyktaldy.html