Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда таңғы уақытта интернет істен шықты

Опубликовано:

Интернет
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстандық интернет қолданушылар бүгін таңертең интернеттің істен шығуы салдарынан бірқатар интернет-ресурстарға кіре алмады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

14 қазан күні таңғы уақытта көптеген қазақстандықтар бірқатар сайттарға, оның ішінде шетелдік сайттарға кіре алмады.

Twitter, "ВКонтакте" сияқты әлеуметтік желілерге де кіру мүмкін болмаған. Кейбірі парақшаларын аша алмаса, енді бірі авторизация жасай алмаған.

Сондай-ақ, интернет қолданушылар мессенджерлердің нашар жұмыс істеуіне шағымданды. Кейбірі тек ұялы телефонындағы интернеттің жұмыс істеп тұрғанын байқаған.

Десе де ақаулар көп ұзамай жойылып, интернет әдеттегідей жақсы жұмыс істей бастаған. Қазақстандық операторлар ауқымды ақаулардың орын алу себептерін әзірге түсіндірмеді.

Еске салсақ, бұған дейін біз америкалық Apple компаниясы өзінің онлайн презентациясы кезінде көпшілікке жаңа iPhone 12 смартфонының моделін таныстырғанын жазған едік.

Одан бөлек, WhatsApp мессенджерінде арнайы бағдарламалар арқылы өшірілген хаттарды көруге мүмкіндік барын жазған болатынбыз. Бұл туралы мәскеулік "Синергия" қаржы-өндірістік университетінің ақпараттық технологиялар институты директорының орынбасары Антон Аверин айтып берген еді.

Оның сөзінше, өшірілген хаттарды қалпына келтіретін бағдарламалардың басым бөлігін тек Android операциялық жүйесіне орнатуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1879440-kazakstanda-aukymdy-internet-akau-tirkeldi/

pixel