RU

Трамптың коронавирус жұқтырғанын уайымдаған ер адам жүректен қайтыс болды

АҚШ
Фото: peopletalk.ru

АҚШ президенті Дональд Трамптың коронавирус жұқтырғанын білген Үндістан азаматы қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik радиосына сілтеме жасап.

АҚШ көшбасшының COVID-19 инфекциясын жұқтырғанын білген Үндістан тұрғыны Бусса Кришна әлеуметтік желіге эмоцияға толы видео салған. Бусса роликте Дональд Трамптың тезірек сауығып кетуін тілеген.

Ер адамның туысының сөзінше, 11 қазан күні таңертең Бусса өзін әдеттегідей ұстаған. Алайда аяқ астынан құлап, көз жұмған.

Марқұм өз кумирінің вирус жұқтырғанын біліп, депрессияға түсіп кеткені, нәр татпағаны белгілі болды. Медицина қызметкерлерінің айтуынша, Кришнаның жүрегі тоқтап қалған.

Айта кетсек, төрт жыл бұрын Дональд Трамп түсіне кірген соң Бусса Кришна АҚШ көшбасшысына табынып кеткен.

Еске сала кетсек, АҚШ президенті кеңесшісі Хоуп Хикстен COVID-19 расталғаннан кейін карантинге жатқызылған болатын. Ал Трамптың өзі коронавирусқ тест тапсырып, нәтижесін күтіп отырғанын мәлімдеген еді.

Кейіннен ол Twitter желісіндегі парақшасында жұбайы Мелания екеуінің коронавирус жұқтырғанын хабарлады.

Сондай-ақ оның ауруханадан шыққанын хабарлаған едік. Дональд Трамп коронавирустан емделіп жатқан Уолтер Рид ұлттық әскери-медициналық орталығынан Ақ үйге оралған болатын.

Ақ үйге кіргеннен соң денсаулығы жайлы баяндап, өзінде бәрі жақсы екенін жеткізді.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1879454-trampty-koronavirus-zktyrganyn-bilgen-er-adam-zregi-auyryp-kajtys-boldy.html