RU

Сарапшы смартфонды коронавирустан тазартудың әдісін атады

ұялы телефон
Көрнекі фото: byrich.ru

DGL.ru гаджеттер мен технологиялар туралы порталдың бас редакторы Людмила Мурзина смартфонды коронавирустан тазартудың әдісін айтты деп хабарлады KAZ.NUR.KZ Sputnik радиосына сілтеме жасап.

Мурзинаның айтуынша, гаджеттер вирус таратудың бір құралы болып табылады. Маман оларды дәл қолды тазартқандай тазалау керектігін, яғни үнемі жуу немесе дезинфекциялаушы құралмен сүрту қажет екенін баса айтты.

Ол жетекші брендтердің суға төзімділігі жоғары флагмандық модельдерін тіпті ағын су астында жууға болатындығын атап өтті.

Сонымен бірге маман смартфонды дымқыл майлықтармен немесе басқа дезинфекциялаушы құралдармен сүрткенде саусақ іздері мен майдан қорғайтын жабынның зақымдалатынын айта кетті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ресейлік вирсуолог коронавирус пен адамзаттың бір-біріне қашан үйренісіп кететінін айтып берген еді.

Медицина ғылымдарының докторы Анатолий Альтштейн РИА Новостиге берген сұхбатында уақыт өте келе SARS-CoV-2 вирусы өзінің патогендігін төмендетіп, бәсеңдейтінін мәлімдеді.

Ал адамдарда бірнеше жылдан кейін ұжымдық иммунитет пайда болады. Осылайша, коронавирус пен адамзат бір-біріне бейімделеді екен.

Сондай-ақ америкалық ғалымдар зерттеу жұмысын жүргізе келе коронавирус жұқтырған науқастарда пайда болатын жаңа синдромды анықтаған болатын.

Зерттеу жұмысы авторларының бірі әрі Чикагодағы Солтүстік-Батыс мемориалды ауруханасының нейроинфекциялық аурулар және жаһандық неврология бөлімінің меңгерушісі Игорь Коральник коронавиру жұқтырған 10 науқастың сегізінде энцефалопатияны қоса неврологиялық симптомдар байқалатынын айтады.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1879456-sarapsy-smartfondy-koronavirustan-tazartudy-disin-atady.html