RU

Еліміздегі жемқор шенеуніктердің дені жеңіл жазамен құтылып кетуде

Түрме
Көрнекі фото: acca.media

Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі елімізде жемқорлықпен ұсталғандарға қолданылатын жазаның тым жеңіл екенін айтып, дабыл қақты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы acca.media сайтына сілтеме жасап хабарлайды

Олар жемқор шененуніктерге қарастырылатын жаза түрін ауырлату үшін заң жобасына өзгертулер енгізуді ұсынып отыр.

Ресми мәліметтерге сәйкес, елімізде сотталған жемқорлардың 65%-дан астамы ең төменгі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін мекемелерде, яғни қоныс қолониясында жазасын өтеп жатқандығы белгілі болды. Бұл көрсеткіш жылдан-жылға артып келе жатқандығы да көпшілікті алаңдатып отыр.

Мәселен, 2016 жылы сыбайлас жемқорлықпен сотталғандардың тек 16% -ы қоныс-колонияларында жазаларын өтеген болса, 2017 жылы олардың саны 25%-ды, 2018 жылы - 46%-ды, ал 2019 жылдың 9 айында - 65%-ды көрсеткен.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің хабарлауынша, осы орайда жазаны өтеу жеңілдігі қылмыстың ауырлығымен сәйкес келмейді. Агенттік бұл мәселе бойынша өз пікірін "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының тұжырымдамасында келтірді.

"Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған сотталушылар, құқық бұзушылықтың ауырлығына қарамастан, жазаларын қоныс колониясында өтеуге жіберілуі мүмкін. Жалғыз шарт - зиянның орнын толықтай орнына келтіру.
Сонымен қатар, қасақана қылмыс жасағаны үшін сотталған адамды қоныс-колониясына жіберу туралы шешім қабылдаған кезде бас бостандығынан айырудың ең ұзақ мерзімі екі жылға дейін шектелген. Осылайша, бас бостандығынан айыру жазасына кесілгендердің көпшілігі қоныс колонияларына жіберілетіндігі мемлекеттің сыбайлас жемқорлықпен күресу күшін айтарлықтай төмендетеді", - деп санайды агенттік.

Қоныс-колониясы бар өзге елдердің тәжірибесін зерттеу барысында Қазақстаннан басқа ешбір мемлекет жемқор шенеуніктерді жазасын өтеуге бірден қоныс колониясына жіберіп жатпайтындығы анықталған.

Осы орайда агенттік жемқор шенеуніктердің жазаларын қоныс колонияларында өтеу мүмкіндігін алып тастауды ұсынды.

Айта кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өткен кеңесте сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін сотталған адамдарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға заңнамамен тыйым салу мәселесін көтерген болатын.

"Мемлекет басшысының бұйрығын іске асыру үшін аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталған адамдарға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау кезінде судья болған адамдарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігін бермеуді бекіту ұсынылады.

Бұл мүмкіндікті тек жүкті әйелдер, кішкентай балалары бар әйелдер, кішкентай балаларды жалғыз тәрбиелеп отырған ер адамдар, елу сегіз және одан жоғары жастағы әйелдер, алпыс үш және одан жоғары жастағы ер адамдар, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектерге сақтап қалуды ұсынамыз.

Ұсынысқа сәйкес, ауырлығы орташа қылмыс үшін бас бостандығынан айырылған адам қылмыстың алдын-алуға, ашуға немесе тергеуге белсенді түрде көмектескен жағдайда ғана сотпен шартты түрде босатыла алады", - деп атап өтті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасының тұжырымдамасы қоғамдық талқылауға ұсынылды

Еске салсақ, бұған дейін біз Алматы облысында ақша бопсалаған қылмыстық топ мүшелері ұсталғанын жазған едік.

Одан бөлек, колониядан бір жыл бұрын қашып кеткен ер адам Нұр-Сұлтаннан табылғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879465-elimizdegi-zemkor-seneunikterdi-deni-zeil-zazamen-ktylyp-ketude.html