RU

СҚО-да аққуды атқан тұрғынның басы бәлеге қалды (фото)

Алаяқ1
Фото: polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысында ұсталған азаматтың автокөлігінің жүк салғышынан аққу табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Белгілі болғандай полицияға Бескөл аңшылық шаруашылығының қорықшысы хабарласқан.

Ол Мәмлүт ауданының Леденево селосының маңында "БМВ" маркалы автокөлікті тоқтатқанын, көліктің жүк салғышынан басы кесілген аққудың табылғанын жеткізген.

"Оқиға орнына жеткен Мәмлүт ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері құсты тәркіледі. Көлік жүргізушісі мен жолаушы мән-жайды анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілді. Заңсыз аң аулау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", – дейді Мәмлүт ауданының ПБ бастығы Серік Әлжанов.

Солтүстік Қазақстан облысында биылғы жылы аққуды өлтіру фактісі бұған дейін де анықталған.

Наурыз айында Петропавлда "Ромашка" саяжай қоғамына жақын маңда екі сұңқылдақ аққудың денесі табылған.

Еске салсақ, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысының ветеринарлары құс тұмауын жұқтырмаған үй құстарын қырып тастауға бекініп отырғанын хабарлаған едік. Осылайша, олар індеттің таралауын тоқтатпақ.

Сонымен қатар Қазақстан құс өсірушілер одағының президенті құс тұмауының аяқталуына қатысты болжам жасаған болатын.

Руслан Шәріповтің сөзінше, бұл шамамен бір ай көлемінде уақытта аяқталады. Себебі ауа температурасы түнде нөлге дейін төмендеп, қар жауған кезде бұл вирус өледі.

Сондай-ақ 40-тан 70 градусқа дейін қайнаған кезде вирус жойылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879466-sko-da-akkudy-atkan-trgynny-basy-blege-kaldy-foto.html