RU

"Ол "иә" деді": Отандық танымал вайнер сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады (фото)

Ахмад Хельми қалыңдығына ұсыныс жасаған сәт
Фото: Instagram/ahmad__helmi

Қалың көпшілікке "Jokeasses" командасының мүшесі ретінде танылған вайнер Ахмад Хельми енді ресми түрде бойдақ емес. Желі жұлдызы сүйіктісімен бірге демалуға барып, ол жерде оған үйленуге ұсыныс жасаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Белгілі вайнер ғашығының "иә" деген жауабын ала салысымен қуанышты жаңалығымен бірден Instagram желісіндегі достары мен оқырмандарымен бөліскен. Ахмад Хельми үйленуге ұсыныстың өзін басқалардан ерекше жасауды ұйғарып, қалыңдығына естен кетпес тосын сый ұйымдастырады.

Бұрабайда демалып жатқан қос ғашық таныс фотографын шақыртып, керемет фотосессия жасауды шешеді. Алайда, вайнер жігіт фотографпен келісіп, түсірілім барысында кенеттен сақинасын алып шығады.

Суретке сәтті түсуді ойлап, есі шыққан бойжеткен сүйіктісіне бұрыла бергенде оның тізерлеп отырғанын байқап, қатты таңғалады. Ғашығы сақинасын алып шыққанда бақыттан басы айналған ару оған "иә" деп жауап береді.

Айта кетейік, Ахмад Хельмидің таңдауы Әсия есімді аруға түскен. Ол отандық танымал модель Айя Шалқардың сіңлісі болып келеді.

Сонымен қатар, бойжеткен бұған дейін "Ninety One" тобында өнер көрсеткен "A.Z" лақап аты бар Азамат Зенкаевпен кездескен болатын. Қос ғашық қарым-қатынастарын ұзақ жасырып келді. Алайда, атышулы топтың жанкүйерлері топ көшбасшысының жүрегін жаулаған қызды көп ұзамай тауып алды. Кейіннен олар ешкімнен жасырынбай-ақ, мәдени шараларға қол ұстаса бара беретін болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879470-ol-i-dedi-otandyk-tanymal-vajner-sjiktisine-jlenuge-synys-zasady-foto.html