Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Наразылар Ыстық көлдегі танымал шипажайды басып алмақ болды

Опубликовано:

Ыстық көл
Ыстық көл. Фото: pixabay.com

Наразылар Ыстық көлдегі "Аврора" шипажайын басып алуға тырысты. Онда бұрын жұмыстан шығып кеткен қызметкерлердің туыстары келіп директордың отставкаға кетуін талап еткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

24.kg басылымының ақпаратынша, Ыстық көл облысының Ішкі істер департаменті аталған оқиға туралы ақпаратты растаған. Милиция қызметкерлері ереуілшілермен түсіндірме жұмыстарын жүргізген.

Демалыс аймағына кіріп алғандарға іс-әрекеттері заңсыз екені айтылған. Олардың туыстары қызметке қайтадан орналасуы үшін сотқа жүгінулері керек.

Кейінірек, наразылар пасионаттан шығып кеткен. Жергілікті милиция қызметкерлері демалыс орнын күзетіп отыр.

Еске сала кетсек, Қырғызстанда Жогаргу Кенештің спикері тағайындалғанын хабарлаған едік. Лауазымды орынға "Қырғызстан" фракциясының депутаты Қанат Исаев келген.

Жогорку Кенеш отырысына қатысқандардың барлығы өз даусын Қанат Исаевқа берген.

Сондай-ақ, Қырғызстанның президенті Сооронбай Жээнбеков ел астанасы Бішкекте қайтадан төтенше жағдай енгізген болатын.

Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, төтенше жағдай 12 қазан 20:00-ден басталып 19 қазан 07:00-ге дейін жалғасады. Осы ретте астанаға әскер кіргізіледі.

Жарлыққа сәйкес, Қырғызстан Қарулы күштерінің бас штабына "Бішкек қаласының аумағында блок бекет ұйымдастыру, қарулы қақтығыстарды ауыздықтау, заңдылық пен тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету және бейбіт тұрғындарды қорғау үшін әскер әкелу" тапсырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1879472-narazylar-ystyk-kldegi-tanymal-sipazajdy-basyp-almak-boldy/

pixel