Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Уыстап ақша тастады": Әбдіжаппар Әлқожаны беташарға достары көтеріп шықты

Опубликовано:

Әбдіжаппар Әлқожа тойда достарымен
Фото: Видеодан кадр

Отандық танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа көнеден келе жатқан салт-дәстүр кезінде ерекшелен түспек болып, елден оңбай сөз естіді. Беташарда аты аталған бойда өнер иесін достары ортаға жер бастырмай, көтеріп алып шыққан. Эстрада жұлдызы бәрінің көзінше ол жерде уыстап ақша тастаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әбдіжаппар Әлқожа беташарға шығудың жаңа форматын ұсынып, басы дауға қалды. Ғаламтор кеңістігінде тарап кеткен видеода беташарда өнер иесін достары көтеріп шыққанын көруге болады. Кейін табаққа жеткен бойда ол уыстап ақша тастады.

Көпшілік әншінің әрекетін желіде қызу талқылап тастады. Пікір білдірушілердің ойы екіге бөлінді. Бірі оның қылығын ата-бабадан мұра болып қалған салт-санаға деген сыйластықтың жоқтығы деп таныса, енді бірі достардың арасында бұлай әзілдескеннің ерсі нәрсесі жоқ екенін айтуда.

Кейбір оқырмандар Әбдіжаппар Әлқожа бұл әрекетімен ұлттық құндылықты мазақ еткендей болды деп есептейді.

"Жабайылар" , "Мақтаншақтардың ісі ғой. Арақ не істетпейді" , "Есіріп кетті" , "Ақша не істетпейді" , "Көргенсіздер. Ұят мына жағдай" , "Ерке бала ма?" , "Әрине артық, бұл барып тұрған мақтаншақтық" , "Беташарда не істемейтін болған қазіргі кезде. Бірақ, мына кісінің әрекеті енді тіптен ерсі көренеді екен" , "Сөзім жоқ, салт-дәстүрді сыйлап тұрған жоқ" , "Ешқандай ерсі ештеңесі жоқ. Достар арасында өздері солай ойнайтын да шығар" , "Достар арасындағы әзіл ғой, бәрі дұрыс", "Достардың арасында ондай болады. Еш ерсі нәрсесі жоқ, керісінше жарасымды" , - деп жазуда халық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1879493-uystap-aksa-tastady-bdizappar-lkozany-betasarga-dostary-kterip-sykty-video/

pixel