RU

Әжім, жүрек аурулары: Адам ағзасын жылдам қартайтатын қандай тағам екенін білесіз бе

Фастфуд
Көрнекі фото: pixabay.com

Адам ағзасын қартайтып, әжімдердің пайда болуын жеделдететін қандай азық-түлік екені белгілі болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Түріктің Sabah басылымы организмді жылдам қартайтатын өнімдердің тізімін жасаған.

Қантты көп тұтыну салдарынан организмдегі липидтер мен ақуыздар бұзуылуы мүмкін. Бұл терінің серпімділігін жоғалтып, әжімдердің пайда болуына әкеп соқтырады.

Сонымен бірге фастфудтар, майлы әрі қуырылған тағамдарда, маргарин мен консервіленген өнімдерде майдың мөлшері көп болады. Осының арқасында жүрек ауруларының пайда болу қаупі бар. Одан бөлек, майлы тағамдар қан тамырларын зақымдайды және терінің қан айналымын бәсеңдетеді.

Сондай-ақ басылымның жазуынша, кофе, өңделген еттен жасалған азықтар мен тұз организмнің сусыздануына әкеледі. Осы ретте адамның терісі қартаяды. Татымды тағамдар да қан тамырларын кеңейтіп, терінің қартаюына жол ашады.

Еске сала кетсек, АҚШ-тың Биотехнологиялық ақпарат Ұлттық орталығының мамандары зерттеу жүргізе келе, адамның терісін ұннан жасалған тағамдардан бас тарту арқылы жақсартуға болатынын анықтаған еді.

Олардың пайымынша, ұн қосылған тағамдар мен нанды шектен тыс жиі пайдалану түрлі тері ауруларының туындауына әкеліп соқтырады екен.

Сонымен бірге смартфон жарығының адам терісіне зиян екені белгілі болды.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1879510-zim-zrek-aurulary-adam-agzasyn-zyldam-kartajtatyn-kandaj-tagam-ekenin-bilesiz-be.html