RU

Дональд Трамп өз жақтастарының алдында билеп берді

Дональд Трамп
Фото: pixabay.com

АҚШ президенті Дональд Трамп өз жақтастарының алдында кішігірім би биледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеоны Twitter әлеуметтік желісіне Брэндон Дардби есімді қолданушы жүктеді.

"Трамп YMCA-ға биледі. Рахаттаныңыздар", - деп толықтырды ол жазбаны.

Айта кетейік, АҚШ президенті кеңесшісі Хоуп Хикстен COVID-19 расталғаннан кейін карантинге жатқызылған болатын. Ал Трамптың өзі коронавирусқа тест тапсырып, нәтижесін күтіп отырғанын мәлімдеген еді.

Кейіннен ол Twitter желісіндегі парақшасында жұбайы Мелания екеуінің коронавирус жұқтырғанын хабарлады.

АҚШ президенті дүйсенбі күні коронавирустан емделіп жатқан Уолтер Рид ұлттық әскери-медициналық орталығынан Ақ үйге оралды.

Ақ үй баспасөз қызметінің хабарлауынша, коронавмирустан айыққан мемлекет басшысы өзін өте жақсы сезінетінін айтқан.

Кейінірек Дональд Трамп Ақ үйге кіргеннен соң денсаулығы жайлы баяндап, видео-хабарлама жасады.

Көп ұзамай БАҚ бетінде АҚШ президентінің коронавирустан емделуіне 100 мың доллардан астам қаражат жұмсалғаны жайлы ақпарат шықты.

New York Times-тың ақпарынша, президент ауруханаға тікұшақпен ұшып келіп, үш күн емделген соң қайтадан ұшып кеткен.

"Коронавирусқа көптеген тест тапсырды, оттегін, стероидтарды қабылдап, антиденелермен тәжірибелік ем алды. Америкалық денсаулық сақтау жүйесінде бұлардың бағасы 100 мың доллардан асады", – деп жазды басылым.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1879511-donald-tramp-z-zaktastaryny-aldynda-bilep-berdi.html