Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өкінбеймін": "Қалаулым" жұлдызы Айдос Игіліков сәбиі дүниеге келген соң сұхбат берді

Опубликовано:

Айдос
Фото: Айдостың жеке мұрағаты

"Қалаулым" телешоуы арқылы танысып, кейін шаңырақ көтерген Айдос Игіліков пен Зарина Сапардың жеке өмірі көпшілікке қызық. Әсіресе, екі жастың ажырасып кеткені және Заринаның жақында нәрестелі болуы туралы ақпар шыққаннан кейін, аталған жұптың өмірі әлеуметтік желіде жиі талқыға түсуде. Осы орайда, KAZ.NUR.KZ Айдос Игіліковке хабарласып, сәбиінің дүниеге келгені туралы жаңалықты қалай қабылдағанын сұраған болатын.

"Мен қазір Түркістан қаласындамын. Осында мемлекеттік қызметке араласа бастадым. "Ер туған жеріне" деген сөз бар қазақта. Өзімнің туған аймағыма ат басын тіреп, әке-шешемнің қасына жақындадым. Себебі, ата-анам мен бауырларым маған үміт артып отыр. Олар мен үшін бірінші кезекте. Отбасымды сақтап қалсам деген ниетпен Алматыда біраз жүрдім.
Бірақ жанұямызды аман алып қалудың реті келмеді. Ол үшін екі тараптан да қадам жасалуы керек екен. Ал қызымның дүниеге келгенін кез келген әке секілді өте жақсы қабылдадым. Алдын ала жақсы дәрігерлермен сөйлесіп қойғанмын. Босанған соң гүлін де жібердім. Әрі қарай да қызыма қарайласатыным анық. Ал біздің отбасымыздағы сәтсіздіктердің себебі көп", - дейді Айдос.
Айдос
Фото: Айдостың жеке мұрағатынан сурет

Белгілі журналист жанұядағы түсінбеушіліктердің неден басталғанын да жасырған жоқ.

"Осының алдында да айттым. Зарина қит етсе үйіне кетіп қалатынды шығарды. Ал оны қайтарып әкелемін деп шаршадым. Ол мені "Қалаулымның" өзге қатысушылары секілді Instagram-да ұтыс ойнатып, Тик-Ток түсіріп жүреді деп ойласа керек. Мен үшін бұл қажетсіз дүниелер. Менің кәсібім бар, таңдаған мамандығым бар. Мұндай ұсақ-түйекке бас ауыртпаймын", - дейді ол.

Айдос
Фото: Айдостың жеке мұрағатынан сурет

Айдос жеке өмірін әңігме қылатындарға ренішін білдірді

"Егер Зарина да әлеуметтік желіде 24 сағат бойы отырмай, телеарналарда жұмыс істеймін десе, оның қолын қақпаушы едім. Бар мүмкіндікті пайдаланып, ТВ саласында табысты боулына жағдай жасар едім. Бірақ ол басқа жолды таңдады. Әрине, біреудің өмірін әңгіме қылатындар көп.

Оларға өз өмірлеріңізді жақсартумен айналысқандарыңыз дұрыс дегім келеді. Егер келін ата-енесін сыйлап, бір бас иіліп тұрса, бәрі де жақсы болушы еді. Мен бұл шешімге өкінбеймін. Қазір өмірімде үлкен өзгерістер болып жатыр. Ал кішкентай сәбидің еш кінәсі жоқ, ол менің қызым, ал мен әкесі болып қала беремін. Бар көмегімді аямаймын", - дейді Айдос.

Айта кетелік, Зарина Сапарды перзентханадан шығарып алуға көптеген адам жиналды. Ол сәбиге Айша деген есім берген.

Еске салсақ, бұған дейін қалаулымдық жігіт жобада танысқан қызды алып қашқанын жазған болатынбыз.

Артынша, "Қалаулымда" бас қосқан Айдос Игіліков пен Зарина Сапарова ажырасып кеткені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1879513-kinbejmin-kalaulym-zldyzy-ajdos-igilikov-sbii-dniege-kelgen-so-shbat-berdi/

pixel