Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирусқа қарсы вакцина шығаратын қазақстандық зауыт желтоқсанда іске қосылмақ

Опубликовано:

Нидерланды мен Францияда коронавирус жұқтырғандар саны өсті
Көрнекі фото: Nicolo Filippo Rosso/Bloomberg via Getty Images

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтына қарасты вакцина шығаратын биофармацевтикалық зауыттың құрылысы 2020 жылдың желтоқсанында аяқталатынына сенім білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Министрдің сөзінше, зауыт желтоқсан айында іске қосылуы керек.

"Зауыт, негізінен, жеделдетілген қарқынмен салынуда. Әріптестеріміз, білім министрлігі осы мәселемен айналысып жатыр. Зауытты іске қосу желтоқсан айына жоспарланған, сондықтан қазір жұмыс қарқынды жүріп жатыр және ол уақытында аяқталады деп сенеміз", - дейді Цой.

Ведомство басшысы зауыттың Жамбыл облысы, Қордай ауданының Гвардейский қалашығында салынып жатқанын айта кетті.

Биофармацевтикалық вакцина зауытының құрылысы 2020 жылдың маусым айында басталды. Ол коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны қоса алғанда, өндірістік тәжірибенің (GMP) халықаралық стандартына сәйкес иммунобиологиялық препараттар шығарады.

Естеріңізге сала кетейік, сарапшылар онкологиялық, жұқпалы аурулары бар адамдарға, жүктілік пен емізу кезінде коронавирусқа қарсы вакцинациядан бас тартуға кеңес берген болатын.

Белгілі болғандай науқасқа ауруынан айыққаннан кейін бір айдан кейін ғана екпе салуға болады екен.

Сондай-ақ коронавирус пандемиясының екінші толқынына дайындық жөніндегі кеңесте сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды коронавирусқа қарсы вакцинамен қамтамасыз етудің маңызды екенін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1879522-koronaviruska-karsy-vakcina-sygaratyn-kazakstandyk-zauyt-zeltoksanda-iske-kosylmak/

pixel