RU

Демалыстан келген тағы төрт қазақстандықтан коронавирус анықталды

Жолаушылар әуежайда отыр
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов түнде елге ұшып келген қзақстандықтар ПТР тест тапсыру үшін карантинге жатқызылғанын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Бүгін, 14 қазан күні түнде елге 9 рейс, 1052 жолаушы келді. Олардың ішінде 862 адамда анықтама бар, ал 190 адамда жоқ",- деді Байғабылов.

Нұр-Сұлтанға бес рейс, 533 жолаушы, анықтамамен -415, анықтамасыз -118 адам, ал Алматыға үш рейспен 428 жолаушы, анықтамамен - 366, анықтамасыз 62 адам, ал Ақтау қаласына 1 рейс, 91 жолаушы, анықтамамен - 81, анықтамасыз 10 адам келген.

Анықтамасы жоқ 190 әуежолаушы ПТР тест тапсыру үшін қалалардағы карантиндік стационарларға жатқызылды.

"Айта кету керек, 13 қазан күні Антальядан келген бір, Шарм эль-Шейхтан келген үш жолаушыдан екі күндік карантинде алынған тест нәтижесі бойынша коронавирус анықталды. Төрт азамат та COVID-19 инфекциясына ПТР тест анықтамасынсыз келген. Барлық емдік және эпидемияға қарсы шаралар тиісті ережеде өткізіледі",- деді көліктегі бас санитар дәрігер.

Еске сала кетсек, Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы ОКҚ-да өткен онлайн брифингте қазақстандық қалалар қандай жағдайда карантинге жабылатынын айтты.

"Егер режимдер толық орындалмаса, қаламасақ та, қалаларды жабуға тура келеді. Шамамен есептесек, желтоқсан мен қаңтар айында. Егер біз қазір қатаң шараларды қолдансақ, халық денсаулығын қорғау үшін әрқайсымыз атсалыссақ, қатаң локдаунды болдырмау мүмкіндігі бар. Бірақ, ол үшін біз қазір елде енгізілген шектеулерді қатаң сақтауымыз керек", - деді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879559-demalystan-kelgen-tagy-trt-kazakstandyktan-koronavirus-anyktaldy.html