Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Анна Данченкоға сүйіктісі тікелей эфирде тосын сый жасап, сезімін білдірді (видео)

Опубликовано:

Анна Данченко гүл шоғымен
Фото: Instagram/ann_2905

Отандық танымал тележүргізуші Анна Данченкоға "Бір болайық" бағдарламасының тікелей эфирі кезінде сүйіктісі ерекше тосын сый жасады. Ақпарат өкілінің ғашығы гүл шоқтарын жіберіп, оған деген махаббатын жеткізген. Жеке өмірін барынша жасырын ұстайтын журналист мұндай сыйға риза болып, алғаш рет көпшілік алдында арқа сүйер азаматы бар екенін ашып айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Анна Данченко студияға келетін гүл шоқтары мен түрлі сыйлықтар көбіне қатысушыларға жіберіліп отыратынан хабардар. Тележүргізуші бұл жолы да алып раушан гүлдері арулардың біріне тарту етілген деп ойлап қалған.

Алайда, белгілі болғандай, раушан гүлдерін ақпарат өкілінің сүйіктісі арнайы жіберген. Данченконың серігі өзі келе алмаса да, тікелей эфир кезінде оған тосын сый жасап, көңілін көтермек болған көрінеді.

Белгілі журналист ғашығының мұндай сыйынан кейін ұялып, айтарға сөз де таппай қалды. Жеке өмірі жайлы көп айта бермейтін тележүргізуші ғашығының мұндай романтикалық қадамына тәнті болып, тікелей эфир кезінде оған деген сезімін білдірді.

Ақпарат өкілі қалың көпшілік алдында алғаш рет сүйіктісі бар екенін растады. Алайда, ол туралы өзге мәліметтермен бөліскісі келмеді. Данченко ерекше әсерлі сәтінің видеосымен өзінің Instagram парақшасында бөліскен.

Айта кетейік, бұған дейін белгілі отандық вайнер Ахмад Хельми сүйіктісіне үйенуге ұсыныс жасағанын жазған болатынбыз. "Jokeasses" мүшесінің таңдауы Әсия есімді қазақ қызға түскен. Ол танымал қазақстандық модель Айя Шалқардың сіңлісі болып келеді.

Оған қоса, Әсия бұған дейін "Ninety One" тобының экс-мүшесі A.Z лақап аты бар Азамат Зенкаевпен көңіл жарастырған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1879570-anna-dancenkoga-sjiktisi-tikelej-efir-kezinde-tosyn-syj-zasap-sezimin-bildirdi-video/

pixel