RU

Қытайда үйленген жас жұбайлар тойын Димаштың құрметіне арнады (фото)

Димаш тақырыбындағы үйлену той
Фото: dimashnews.com

Төртінші қазан күні Қытайдың Гуанчжоу қаласында ерекше үйлену тойы өтті. Бас қосқан жастар өмірлеріндегі аса маңызды шараның тақырыбын Димашқа арнаған. Қалыңдық 2017 жылдан бері қазақстандық әншінің тыңдаушысы болып шықты. Күйеуі екеуі тіпті Димаш Құдайбергенннің Қытайда өткен алғашқы концертіне бірге барған екен деп жазады KAZ. NUR.KZ.

Сяо Ли мен Минг 5 жылдан бері таныс. Минг 2017 жылдан бастап сүйіктісінің Димаштың өнеріне қызығушылығын байқап, оған қолдау көрсеткен. Болашақ жарының көзінен қуаныш көру ғашық жігіт үшін бақытты сәттердің бастамасы болыпты.

Сяо Ли Димаштың белсенді жанкүйерлерінің бірі болса да, сүйіктісі оның өнерге деген асқан қызығушылығына барынша сыйластықпен қарауға тырысқан. Минг ғашығымен қазақстандық әншінің барлық концерттеріне барыпты.

Димаштың жанкүйерлері
Фото: dimashnews.com
"Димаш Қытайда алғаш рет туған күнін тойлаған кезде, Гуанчжоу Dear-лары бейне құттықтау жазу үшін жиналғанбыз. Менің жанымдағы жігітті көрген қыздар оны Димаштың жанкүйері деп ойлап, таң қалды. Бірақ ол мені қолдау үшін келіп, қасымда жүрді. Содан бері Минг біздің ортада «жалған фанат» деген лақап атқа ие болды.

Димаштың Қытайдағы алғашқы концерті Чаншада өтті. Бұл менің «жалған фанатыммен» барған алғашқы концертім. Алдын-ала билет сатып алдық. Шағын саяхатымызды жоспарлап, жолға шықтық. Желтоқсан айында Чанша күн өте суық болады. Оның үстіне жаңбыр жауды. Минг екеуміз салқын ауа райын ұнатпаймыз. Соған қарамастан ол менімен бірге болды" , - деп ерекше сәттерді есіне алды қалыңдық.

Димаш Қытайда
Фото: dimashnews.com

Сяо Лидің жігіті оның көңілін барынша көтеру үшін Димаш жүрген көшеде жүріп, Димаш жеген тофуды бірге жеп, Димаш суретке түскен жерлерде оны суретке түсірген.

"Концерт болатын күні біз ерте келдік. Қатты толқып тұрдық. Мен концерт бойы ерекше сезімде болып, сахнадан көзімді ала алмадым. Менің «жалған фанатым» осы сәттердің барлығын суретке түсіріп, фотограф міндетін атқарды. Концерттен бейнежазба түсіруге көмектесті.

Чаншадағы бұл концерт біздің өміріміз үшін ерекше сәттерге толы болды. Сондықтан үйлену тойын ұйымдастырушы жұбайым екеуміздің есте қалар сәтімізді сұрағанда, «Чаншадағы ғажайып сапар» дедім. Минг екеуміз осы естеліктерді барлығын біздің үйлену тойымызда қайталанғанын қаладық. Және оны достарымыз, отбасымыз, қонақтармен бөлісеміз деп шештік" , - деді Сяо Ли.
Димаштың жанкүйері
Фото: dimashnews.com

Белгілі болғандай, жастардың үйлену тойында Димаштың әндері шырқалып, оның суреттері ілініп қойған. Асаба жиналғандарға жас жұбайлардың Чаншадағы Димаштың концертіне барған оқиғасын айтып берді.

Оған қоса, күйеу жігіт Димаш Қытайға қайта келген кезде қалыңдығы үшін одан құттықтау жазып, тойда тосын сый жасамақ болған. Алайда, оның бұл ойы іске аспаған.

"Өкінішке қарай, қазір Димаш Қытайға сирек келеді. Бұл идея жүзеге аспаса да оның әрекетінің өзі маған қатты әсер етті. Қасымдағы жұбайыма қарап "Ия, мен жар таңдауда қателеспедім» деп ойладым" , - деп ағынан жарылды ару.

Димаштың жанкүйерлері
Фото: dimashnews.com

Димаштың жанкүйері
Фото: dimashnews.com

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879590-kytajda-dimas-takyrybyna-arnalgan-jlenu-tojy-tti-foto.html