Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүзуден әлем чемпионы әйелінің "көзіне шөп салғаны" үшін спорттан шеттетілді

Опубликовано:

ер адам4
Көрнекі фото: pixabay.com

Жапониялық жүзуші Дайя Сето жарыстардан орынсыз әрекеті үшін 2020 жылдың соңына дейін шеттетілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы Sports Hochi газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қыркүйек айының соңында Сэто жарына опасыздық жасаған. Оның бөтен қызбен көңіл көтеріп жүргені БАҚ беттерінде жарық көріпті.

Осы әрекеті үшін Сэто енді ішкі жапон біріншіліктеріне ғана емес, сонымен қатар халықаралық жарыстарға қатыса алмайды. Алайда ол 2021 жылдың 23 шілдесінде басталатын Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарына қатысу құқығын сақтап қалған.

Бұған дейін ол жүзуден Жапония ұлттық құрамасының капитаны атағынан да бас тартуға мәжбүр болды.

Айта кетейік, Сэто 200 және 400 метр қашықтықта жүзу бойынша өнер көрсетеді. Ол Рио-де-Жанейро олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионатының төрт дүркін жеңімпазы.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысынан коронавирус анықталғанын жазған едік.

Сонымен қатар, ұлттық құраманың бұрынғы футболшысы "Астана" клубының жаңа атқарушы директоры болып тағайындалғанын хабарлаған болатынбыз.

Одан бөлек, футболдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Темірлан Ерланов Ұлттар Лигасының үшінші турының үздік құрамына енді.

SofaScore аналитикалық порталыны ұсынған ақпарат бойынша, Темірлан Ерланов Қазақстан-Албания кездесуінің үздік ойыншысы атанып, 8.1 ұпай жинаған.

Сол матчта Ерланов ұлттық құраманың қақпасын голдан аман сақтап қалған болатын.

Отандық спортшыдан бөлек бұл тізімде әйгілі испаниялық қорғаушы Серхио Рамос қатар тұр. Сонымен қатар үздіктер құрамасынан Мартин Эдегор, Эрлинг Холланд сияқты белгілі футболшыларды да байқау қиын емес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1879596-zzuden-lem-cempiony-jelini-kzine-sp-salgany-sin-sporttan-settetildi/

pixel