RU

Қазақстан корейлік кеспені әкелуге және сатуға тыйым салды

кеспе екі
Фото: pexels.com

Еліміздің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов құрамында соя бар тамақ өнімдерін әкелуге және сатуға тыйым салу бойынша уақытша санитарлық шаралар енгізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Еліміздің территориясына Оңтүстік Кореяның жылдам дайын болатын кеспелерін, атап айтқанда "Оттоги Рамен Ко", "ЛТД", "123-12", "Енгсонг-Ри", "Анзунг-Ып", "Пенгтэк-Си", "кенги-Доны" сатуға тыйым салу туралы қаулы шықты.

Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар сапасын бақылау және қауіпсіздік комитетінің мамандары өнім қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу кезінде "Джин Рамен" атауы бар тез дайындалатын кеспе ассортиментінде, қаптамасында өндірушісі Оттоги Рамен Ко (Оңтүстік Корея) деп көрсетілген, генетикалық түрлендірілген соя желілерінің сандық құрамының артық екені анықтаған (MON 89788 1,45 пайыздан дан 10,25 пайызға дейін).

Қалыпты жағдай бойынша 0,9 пайыз болуы керек.

Сонымен қатар, Оңтүстік Корея өндіретін өнімнің тұтынушылық қаптамасында құрамында генетикалық түрлендірілген организм бары жөнінде ақпарат болмағанын айта кету керек.

"Тамақ өнімдеріндегі ГТО құрамының рұқсат етілген нормасы 0,9 пайызы аспауы тиіс. Белгіленген талаптарға, оның ішінде Кодекс Алиментариус халықаралық тамақ стандарттарына сәйкес, құрамында 0,9 пайыздан астам ГТО бар тамақ өнімдері міндетті түрде таңбалануға жатады.
Бұл өнім мониторинг жүргізу барысында анықталды. Өнім Алматы қаласының сауда объектілерінен сатып алынды. Қазіргі уақытта сауда желілерінде сәйкессіз өнімдерді анықтау және оларды сатудан алып тастау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр", - делінген ведомство хабарламасында.

Еске сала кетсек, осыған дейін Франциядағы Монпелье университетінің оқытушылары мен ғалымдары коронавирус инфекциясын тоқтатын тағамдарға зерттеу жасай келе, бір шешімге келген. Олар орамжапырақтың қауіпті дертті "өлтіретін" қасиеті бар екенін анықтаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879609-kazakstan-korejlik-kespeni-keluge-zne-satuga-tyjym-saldy.html