RU

"Анам әкемнің досымен төсектес": 3 жыл бұрын әкесі көз жұмған ару сырын айтты

оқушы қыз1
Көрнекі фото: pixabay.com

Осыдан үш жыл бұрын әкесінен айырылған ару жан сырын ақтарды. Ол анасының марқұм күйеуінің досымен төсектес болып жүргенін айтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ alashainasy.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Інім әскерде, анам жалғыз тұрады. Кім деп атарымды да білмеймін, бір ер адамның көлікпен үйге келіп жүргенін басында көршілер айтты. Кейін білдім. Қанша дегенмен анам ғой, жайлап қарсылығымды білдірдім. Ол не үшін, неге келеді деген сұрақ қойып едім, пайдасы болмады.

Анам көкбеттерше мойындамай қойды. Өзіме жабысып, айғайға басты, "менде шаруаң болмасын" деді. Содан нағашыммен сөйлестім, жағдайды айттым. Нағашым мен анам бет көріспестей ұрысты. Өзімді кінәлі сезініп, күнімен тамақ іше алмадым. Анамның істеп жүргені дұрыс емес деп ойлаймын",- деді ол.

Айта кетейік, осыған дейін жеті жыл бойы жеңгесіне ғашық болған жігіт жан сырын ақтарған еді. Ол осыған дейін ана бақытын сезінбеген келіншекке бала көтерткісі келеді.

"Мендегі мәселе мынадай. Бөле ағам бар. Үйленгеніне жеті жыл болды. Жеңгем ажарлы, қыпша белді, өте сұлу жан. Жеңгеме ессіз ғашықпын. Бірақ, ғашық екенімді білдірген емеспін. Сол бөле жеңгем жеті жылдан бері бала көтерген емес. Оны сеземін, білемін, қатты қиналып жүр",- деп ағынан жарылды жігіт.

Айтуынша, жеңгесі жақында дәрігерге қаралыпты. Оның бала көтеруге мүмкіндігі бар екен. Ал күйеуінің мұндай қабілеті тек 30% ғана көрінеді.

"Мен сол бөле жеңгеме бала көтертіп, ана бақытын сыйлағым келеді. Бірақ, бұл жайында жеңгеме айта алмаймын.Жүрегім дауаламайды. Егер жеңгем мені түсініп, айтқандарыма келіссе, арамыздағыны құпия ұстауға жігіт атыммен сөз берер едім, Әттең, айтуға тілім бармайды. Оның тек сәби сүйіп, ана бақытын сезінгенін қалаймын",- дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879614-anam-kemni-dosymen-tsektes-bolyp-zr-3-zyl-bryn-kesi-kz-zmgan-aru-syryn-ajtty.html