Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аймағамбетов: Педагогтер біліктілік санаты үшін қосымша ақы алады

Опубликовано:

Фото
Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Білім және ғылым министрі педагогтер біліктілік санаты үшін қосымша ақы алатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Айқын газетіне сілтеме жасап.

Бұл туралы білім және ғылым министрі техникалық және кәсіптік білім берудің 80 жылдығына арналған іс-шара барысында мәлімдеді.

Оның сөзінше, бұған дейін біліктілік санаттары үшін қосымша төлемдерді тек мектеп мұғалімдері алған.

"Педагог мәртебесі туралы" заңның қабылдануымен колледж педагогтері де біліктілік санаты берілгеннен кейін ай сайын қосымша ақы алатын болады.

"2020 жылдың қаңтар айынан бастап колледж педагогтердің жалақысы артты, алдағы жылдары да арта түспек. Біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеу мәселесі көп жылдар бойы көтерілген болатын. Егер мектептерде мұғалімдер біліктілік санаттары үшін қосымша ақы алса, колледждерде мұндай үрдіс болған жоқ. Енді колледж оқытушылары да ай сайын лауазымдық жалақысының 30-дан 50 пайызына дейін қосымша ақы алатын болады", – деді Асхат Аймағамбетов.

Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде коронавирус жұқтырған оқушылардың саны артып жатқаны анықталған болатын. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қоджахметов ресми деректерді келтірген еді. Оған сәйкес, дерт жұқтырған оқушылар саны бойынша Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары көш бастап отыр.

Одан бөлек,оқушылар екінші тоқсанда қалай оқитыны белгілі болды. Алматы білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов қалада эпидемиологиялық жағдай жақсарса, ең алдымен 1-4 сынып оқушылары дәстүрлі форматқа көшетінін мәлімдеген.

Оның сөзінше, халықтың сырқаттану деңгейі тұрақты түрде төмендеген кезде оқытудың дәстүрлі форматына кезең-кезеңімен көшу мәселесі қаралады екен.

Сонымен қатар, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтан оқыту туралы сөз қозғап, дәстүрлі форматқа ауысудың мерзімі туралы айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1879621-ajmagambetov-pedagogter-biliktilik-sanaty-sin-kosymsa-aky-alady/

pixel