RU

Алматы мәйітханасының директоры қамауға алынды

Кісен
Көрнекі фото: piqsels.com

Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасына қарасты "Қалалық патологоанатомиялық бюросы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры қамауға алынды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қалалық прокуратурасының келісімі бойынша "Қалалық патологоанатомиялық бюро" директорын ұстаған.

"Ол кәсіпкерден қалада салынып жатқан патологоанатомиялық бюроны медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету туралы қабылдау-тапсыру актілеріне қол қою үшін кәсіпкерден 14 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді", - деді прокуратураның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.

Еске салсақ, әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысы полиция қызметкерінің үндеуі жарияланды. Айтуынша, бастығы тұтқындалған азаматты жерлеу рәсіміне байланысты босатуға мәжбүрлеген.

Сондай-ақ Маңғыстау облысы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері жетекшілерінің үстінен ұжымдық арыз жазған. Полицейлер басшылық тарапынан психологиялық қысым жасалатынын айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879626-almaty-mjithanasyny-direktory-kamauga-alyndy.html