RU

Елімізде көлік нөмірі мен төлқұжатын алуға қатысты жаңашылдық енгізілді

нөмір
Көрнекі фото: Sputnik Қазақстан

Қазақстанда мемлекеттік нөмір мен автокөлікті тіркеу туралы куәлікті үйге дейін жеткізуге қызметі іске қосылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамына сілтеме жасап.  

Электронды үкімет порталында қазақстандықтарға көліктің мемлекеттік нөмірін және көлікті тіркеу туралы куәлікті жеткізуді рәсімдеуге мүмкіндік беретін қызмет пайда болды.

Ведомство мәліметінше, ол үшін қажетті деректерді, тұрғылықты мекенжайын көрсету және қызметке ақы төлеу жеткілікті.

"Осыдан кейін "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" қызметкері мемлекеттік нөмір мен техникалық төлқұжатты үйге әкеліп береді", - делінген хабарламада. 

"Ұлттық ақпараттық технологиялардың" басқарма төрағасы Әсет Тұрысовтың сөзінше, қазақтандықтар үйде отырып автокөлік сатып алуға байланысты қызметтердің барлық пакетін алған жағдайда көлікті рәсімдеу процесі толығымен автоматтандырылмақ.

"Бұрын ол үшін қазақстандықтар, кем дегенде, екі рет мамандандырылған ХҚКО-ға барса, қазір  eGov.kz порталында рәсімдеп, нөмірлік белгіні таңдап, автокөлікті есепке қойып, тіпті мемлекеттік нөмір мен куәлікті онлайн жеткізуді рәсімдеуге болады", - деді Тұрысов. 

Жаңа қызметті алу үшін:

  • "Көлік және коммуникациялар" бөлімінің "Автомобиль көлігі" бөлімшесінде "МТНБ және КҚТК-ны үйге жеткізу" қызметін таңдап, авторизациядан өтіп, оған тапсырыс беру керек.
  • Сондай-ақ, көліктің алып тастаған және жаңа мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі мен тіркеу туралы куәлік нөмірін енгізу керек.
  • Тапсырыс берілген халыққ қызмет көрсету орталығының атауы мен мекенжайы көрсетілуі тиіс.
  • Осыдан кейін қызметке ақы төлеу және ЭЦҚ көмегімен не болмаса бір реттік смс-пароль арқылы қол қойылады (міндетті түрде мобильді азаматтар базасында тіркелу қажет).
  • Қызмет жеке тұлғаларға қолжетімді. Қызмет көрсету мерзімі – бір жұмыс күні.

Еске сала кетсек, осыған дейін Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті қабылдаған болатын.

Кездесуде Елбасы партия мен "Birgemiz" қорына әлеуметтік жағынан осал топқа кіретін 100 мың отбасыға 50 мың теңгеден қосымша көмек беру мәселесін пысықтауды тапсырды.      

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879628-elimizde-klik-nmiri-men-tlkzatyn-aluga-katysty-zaasyldyk-engizildi.html