Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасы Беларусьтен жеңіліп қалды

Опубликовано:

Футбол
Фото: АБФФ©

Футболдан UEFA Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасының сырт алаңдағы Беларусьпен кездесуі сәтсіз аяқталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Аталмыш құрамалар С лигасы төртінші тобында сынға түседі. Олардан бөлек Албания және Литва құрамалары да бар. Алғашқы үш турда аталған топтағы төрт құрама бірдей ұпай жинаған. Сол себепті, төртінші тур қай құраманың көш бастайтынын анықтауға мүмкіндік беретін. Бұл жағдайды Беларусь пен Қазақстан футболшылары жақсы түсінді.

Сондықтан ойын бастала салысымен екі құрама бірден шабуылдауға көшті. Қазақстандық футболшылардың гол соғатын бірнеше мүмкіндігі болған еді. Дегенмен олар бұл мүмкіндікті жіберіп алды.

Есесіне алаң иелері тарапынан Евгений Яблонский мергендік танытты. Ал тоқсан минут түгесілер тұста Беларусь футболшысы Роман Юзепчук қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша, Беларусь футболшылары 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Еске салсақ, қазақстандық футболшылар бұған дейін Беларусь құрамасымен төрт мәрте кездескен болатын. 2010 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысында қазақстандықтар аталған қарсыласынан 1:5, 0:4 есебімен жеңіліп қалды. Одан кейін 2011 жылы жолдастық кездесуде екі құрама 1:1 есебімен тең түскен еді. Ал биылғы Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасы өз алаңында аталған қарсыласына 1:2 есебімен жол беріп қойды.

Айта кетсек, бұған дейін біз қазақстандық футболшы әйгілі Серхио Рамоспен бірге үздіктер құрамасына енгенін жазған болатынбыз.

Одан бөлек, Давид Лория "Астана" футбол клубының жаңа атқарушы директоры болғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1879670-lttar-ligasy-kazakstan-kramasy-belarusten-zeilip-kaldy/

pixel