RU

Еліміздің үш облысында дауылды ескерту жарияланды

Жауын
Көрнекі фото: wallpapertip.com

Қазақстанның үш өңірінде желдің күшеюі туралы ескерту жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

15 қазан күні Павлодар облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метр болады деп жазады Хабар 24.

Бүгін күндіз Ақмола облысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғып, кей жерлерде күші секундына 15-20 метр болады.

Ал Түркістан облысының кейбір жерлерінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады деп күтілуде

Сол арада еліміздің батыс және солтүстік аймақтарында жаңбыр жауады деп күтілуде деп хабарлайды "Қазгидромет".

15-17 қазан күндері ақ теңіз аудандарынан келетін циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның батыс және солтүстік аймақтарында жаңбыр және желдің күшеюіне әкеліп соғады. Алайда ауа температурасының айтарлықтай төмендеуі күтілмеуде.

Еліміздің оңтүстік және шығыс бөлігінде антициклон сілемімен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Еске салсақ, бұған дейін біз Қазақстан тағы төрт елмен әуе қатынасын қысқартатынын жазған едік.

Одан бөлек, Қазақстан коронавируспен күресу үшін азиялық банктерден несие алмақ екенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879674-elimizdi-s-oblysynda-dauyldy-eskertu-zarialandy.html