RU

Бір науқас көз жұмды: Өткен тәулікте 159 адам пневмонияға шалдыққан

Індет
Көрнекі фото: Morteza Nikoubazl/NurPhoto via Getty Images

2020 жылғы 15 қазанда тіркелген коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

"Өткен тәулікте коронавирус белгілері бар пневмонияның 159 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелген. Оған қоса 82 адам емделіп шықты", - делінген хабарламада.

1 тамыздан бергі статистика: ауырғандар - 35 393, 374 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 28 060 жетті.

Елімізде КВИ жұқтырғандардың саны бір тәулік ішінде өсіп кетті. Күні кеше тағы 110 адамның коронавирус инфекциясына тапсырған ПТР тесті оң нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, кеше Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус салдарынан эпиджағдайы ушығып кеткен аймақтарды атаған болатын.

Оған қоса, министрлік басшысы қазақстандық қалалар қандай жағдайда карантинге жабылатынын айтты. Оның сөзінше, мұндай жағдайды болдырмаудың мүмкіндіктері де бар.

Денсаулық сақтау министрі ОКҚ-да өткен онлайн брифингте жаңа күзгі-қысқы эпидемиялық маусымға қарай қазақстандықтар коронавирустан сақтануды қойғанын да айтты. Себебі халық "тұрғындардың барлығы ауырып болды" деген сынды қате пікірде болса керек.

Сонымен қатар, Алексей Цой елімізде коронавирусты қайта жұқтыру жағдайына қатысты пікір білдірді. Министрдің сөзінше, әзірге Қазақстан Республикасы аумағында COVID-19 қауіпті инфекциясына қайтадан тап болу оқиғалары тіркелмеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879681-bir-naukas-kz-zmdy-tken-tulikte-159-adam-pnevmoniaga-saldykkan.html