RU

Мадина Сәдуақасова: Не істемесем де ішкі жан дүнием толыңқырамай жүр

Мадина Сәдуақасова
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Қазақ эстрадасының жұлдызы Мадина Сәдуақасова желіде тағы әсерлі жазба жариялап, жанкүйерлерін ойландырып қойды. Өнер иесі түрлі өзгерістерге бел буып, шетелде демалып келсе де бір нәрсеге көңілі толмай жүргенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова желіде қызу талқыланған жазбасын Instagram парақшасында бөліскен. Онда әнші қысқа уақыт аралығында жасап үлгерген істерін тізіп шықты.

Белгілі болғандай, эстрада жұлдызы шетел асып демалып, көлік ауыстырып, стиліне күрделі өзгеріс енгізген. Алайда, ол не істесе де ішкі жан дүниесін бәрібір бір ой мазалап тұрғанын жасырмады.

"Шекара асып Египетке барып, Қызыл теңіздің су астындағы әлемін көрдім, көлігімді ауыстырдым , шашымды қиіп , басқа түске бояп тастадым, фотосессиялар жасадым, туған жеріме Қызылордама да барып қайттым. Бірақ, сонда да біртүрлі, ішкі жан дүнием толыңқырамай, бірдеңе жетіспей тұрған сияқты? Өзім түсінбей жатырмын" , - деп жазды Мадина Сәдуақасова.

Айта кетейік, бұған дейін Мадина Сәдуақасова тәртіп сақшыларының назарына ілігіп, айыппұл төлегенін жазған болатынбыз. Әнші өзінің арманындағы нөмірге тапсырыс беріп, ол келгенше темір тұлпарын нөмірсіз күйде тізгіндеген.

Оған қоса, Сәдуақасова желіде сезімге толы әсерлі жазба жариялап, барша жанкүйерлерін ойландырып қойған еді. Бүгінде көпшілік өнер иесі жолдасымен ажырасып кетті деп болжауда. Халықтың бұлай ойлауына әртістің парақшасындағы мұңға толы жазбалары түрткі болса керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879684-madina-sduakasova-ne-istemesem-de-iski-zan-dniem-tolykyramaj-zr.html