RU

Си Цзиньпин Қытай әскерін соғысқа дайын болуға шақырды

Си Цзиньпин Қытай әскерін соғысқа дайын болуға шақырды
Көрнекі фото: Costfoto/Barcroft Media via Getty Images

Гуандун провинциясындағы әскери базаға барған Қытай халық республикасының төрағасы Си Цзиньпин қытайлық сарбаздар "соғысқа дайын болуға күш салу керектігін" мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Сәрсенбі күні Шэньчжэньда арнайы экономикалық аймағының құрылғанына 40 жыл толуына орай мерекелік шаралар өтті. Оны Қытайдың орталық телеарнасы тікелей эфирде көрсетті.

Си Цзиньпин Қытай армиясының теңіз әскері күштерін тексеру кезінде әскерилерді жоғары дайындықта болуға шақырды. Одан бөлек, Қытай халық республикасының көшбасшысы әскери қызметкерлер адал, сенімді және мінсіз болуы керек екенін еске салды.

"Сіздер сергек әрі қырағы болып, ақыл-ой мен күш-жігерлеріңізді соғысқа жұмылдыруға дайын болу керексіздер", – деп келтірді телеарна Си Цзиньпиннің сөзін.

Сондай-ақ, Си Цзиньпин теңіз әскері күштерін Қытай армиясының элиталық бөлімі деп атады. Оның айтуынша, әскердің бұл түрінің мақсаты елдің егемендігін, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығы мен мүдделерін қорғауға бағытталған.

Еске салсақ, Мәскеудегі кеңестің нәтижесі бойынша Армения мен Әзербайжан тұтқындар мен қаза болғандардың денесін алмасу үшін гуманитарлық мақсатта 10 қазанда сағат 12:00-ден бастап Таулы Қарабақтағы атысты тоқтату туралы келісімге келген еді.

Оған дейін мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасының астанасында бірнеше жарылыс болып, әуе дабылы іске қосылғаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879694-si-czinpin-kytaj-skerin-sogyska-dajyn-boluga-sakyrdy.html