RU

Елімізде өткен тәулікте коронавирустан тағы төрт адам қайтыс болды

аурухана
Көрнекі фото: pexels.com

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан болған өлім-жітім туралы жаңартылған мәліметтерді жариялады. Өткен тәулікте КВИ диагнозы қойылған төрт қазақстандық қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан ем қабылдауды 2 789 адам жалғастыруда. Олардың арасында 99 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 055 науқас жатыр. 734 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 82 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 14 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 11 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

"Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады", - делінген хабарламада.

Елімізде КВИ жұқтырғандардың саны бір тәулік ішінде өсіп кетті. Күні кеше тағы 110 адамның коронавирус инфекциясына тапсырған ПТР тесті оң нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, кеше Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус салдарынан эпиджағдайы ушығып кеткен аймақтарды атаған болатын.

Оған қоса, министрлік басшысы қазақстандық қалалар қандай жағдайда карантинге жабылатынын айтты. Оның сөзінше, мұндай жағдайды болдырмаудың мүмкіндіктері де бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879699-elimizde-tken-tulikte-koronavirustan-trt-adam-kajtys-boldy.html