Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Алтынай Жолдыбаева ота жасатып, төсін үлкейтіп тастады (фото)

Опубликовано:

Алтынай Жолдыбаева ота кезінде
Фото: Instagram/altynaizholdybayeva

Отандық танымал әнші әрі актриса Алтынай Жолдыбаева арнайы пластикалық ота жасатып, төсін үлкейтіп алған. Арудың кеуде пішініндегі өзгерісті желі қолданушылары бірден байқап қойған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алтынай Жолдыбаева осымен бір апта бойы спортпен айналыса алмай жүргеніне шағымдануда. Оған өнер иесінің төсіне пластикалық ота жасатуы себеп болса керек.

Әдетте, кеудесін үлкейткеннен кейін қыз-келіншектерге ауыр көтеруге және қандай да бір физикалық ауыртпалық түсіруге қатаң түрде тыйым салынады.

Шоу-бизнес сылқымының операцияны дәл төсіне жасатқанын растайтын екі жайт бар. Біріншіден, Жолдыбаеваның өзі оқырмандарына жазбалары арқылы денесінің қай жеріне ота жасалғанын астарлап жеткізіп жүр.

Ал екіншісі, өнер иесінің желіде жариялаған соңғы фотосы болмақ. Суретте оның төсі бұрынғыдан анағұрлым үлкейіп кеткенін байқауға болады.

Алтынай Жолдыбаева төсін үлкейтіп тастағанын ресми түрде әзірге жариялаған жоқ. Алайда, жақын арада көпшілікке қандай ота жасатқанын айтуға уәде етті.

Өнер иесі кеудесін өсіріп алғанын әлі мойындамай жатса да, желідегілер өз болжамдарына кәміл сенімді. Олар бойжеткенге отаға қатысты сұрақтарды жаудырып тастаған.

"Төсіңізге отаны кімде және қаншаға жасаттыңыз?" , "Бағасы қанша? Мен де төсімді үлкейтсем ба деп жүрмін" , "Төсін үлкейткен ғой. Анық байқалып тұр" , "Маммопластиканы қайда жасаттыңыз?" , - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1879701-nsi-altynaj-zoldybaeva-ota-zasatyp-tsin-lkejtip-tastady-foto/

pixel