RU

Нұр-Сұлтанға келген тағы 150 жолаушы карантинге жіберілді

Әуежай
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Нұр-Сұлтанға шетелден ПТР анықтамасыз ұшып келген 150 азамат станционарға жіберілді. Бір тәулік ішінде Air Astana, Turkish Airlines және Flydubai әуе рейстерімен 789 жолаушы ұшып келген деп жазады KAZ.NUR.KZ елордалық әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

150 жолаушының коронавирус жұқтырмағанын растайтын анықтамасы болмағаны анықталды. Осыған байланысты олар станционарлы карантинге жіберілген.

Станционарда оларға ПТР тест жасалады. Егер тест коронавирус жұқтырғанын растап, оң нәтиже көрсетсе жолаушылар инфекциялық станционарға жіберіледі.

Ал инфекция жоқ болса, онда азаматтар үйлеріне қайтады.

Еске сала кетсек, кеше Air Astana, Turkish Airlines пен Flydubai әуе компаниялары орындаған рейстермен 569 жолаушы ұшып келген еді. Олардың 118-де ПТР анықтама болмаған.

Ал 13 қазанда елордаға келген 104 жолаушының карантинге алынып, тағы бір Каанада азаматының өз еліне депортацияланғанын жазған болатынбыз.

Айта кетсек, 6 қазаннан бастап елімізде шетелден ұшып келетін азаматтардан ПТР-тест анықтамасы талап етіледі. Бұл туралы Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов айтқан болатын.

Жолаушыларда Қазақстан шекарасынан өтетін сәтке дейінгі үш тәуліктік мерзімі бар ПТР анықтамасы болуы қажет. Яғни коронавирус жұқтырмағанын растайтын анықтама шекараға дейінгі 72 сағатта жасалуы керек.

Анықтама болмаған жағдайда жолаушы карантинге алынып, оған ПТР тест жасалады. Нәтиже оң болса, инфекциялық станционарға жөнелтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879709-nr-sltanga-kelgen-tagy-150-zolausy-karantinge-ziberildi.html