RU

"Бір кісіге арнап жазғанмын": Түсіпбаева баянсыз махаббатын есіне алды

Меруерт Түсіпбаева
Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Меруерт Түсіпбаева әлеуметтік желіде осыдан жеті жыл бұрын жариялаған жазбасына тап болып, бұрынғы баянсыз махаббатын есіне алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Меруерт Түсіпбаева осыдан жеті жыл бұрын басынан өткен махаббат хикаясын есіне алып, Instagram парақшасында жан сырын ақтарды. Өнер иесі бұрынғы жазбасын тауып алып, қалың көпшілікпен тың мәліметпен бөлісті.

Әнші оны әдейі бір адамға арнап жазғанын мойындады. Оған қоса, эстрада жұлдызы бұл аралықта ол жанды ойлауды қойса да, арасында оны түсінде көріп тұратынын айтты.

"Жеті жыл бұрынғы естелікті Фейсбук салыпты. Дәл бүгін, 7 жыл бұрын не болғанын. Уақыт қандай жүйрік. Көзді ашып жұмғанша, өтті- кетті. "Өзіңнен өткізіп, қайғырып, ауырып, жаныңнан шығарасың" деп жазыппын. Қызық, осы сөздерді бір кісіге арнап жазғанмын. Ол туралы, ойлауды доғарғаныма талай уақыт өтсе де, кеше түсіме кіріпті. Бұл жай ғана түс екенін, біліп тұрсамда, өңімде осы оқиға болғандай- сонша бақытты сезіндім өзімді. Бір тылсым дүние. Күндеріңіз сәтті өтсін" , - деп жазыпты Меруерт Түсіпбаева.

Айта кетейік, соңғы кезде Мадина Сәдуақасова да желі қолданушыларын мұңға толы әрі әсерлі жазбаларымен таңғалдырып жүр. Көпшілік шоу-бизнес жұлдызы мен жолдасы ажырасып кеткенін болжауда. Алайда, эстрада әншісі тарапынан халық арасында тарап кеткен ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме болған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879716-bir-kisige-arnap-zazganmyn-tsipbaeva-baansyz-mahabbatyn-esine-aldy.html