RU

Көрпеге салып, скотчпен орап тастаған: Шымкентте әйелдің мәйіті табылды

Кәріз
Көрнекі фото: Sputnik / Елена Бережная

Шымкентте кәріз құдығынан көрпеге оралған әйелдің мәйіті табылды. Полиция оның кім екенін анықтап жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы "Sputnik Қазақстан" сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Тәртіп сақшыларының мәліметіне сәйкес, әйел бір жылдан астам уақыт бұрын көз жұмған. Шымкент қаласы полиция департаменті баспасөз қызметі әйелдің мәйіті 2020 жылдың бірінші қыркүйегінде Еңбекші ауданынан табылғанын хабарлады.

Марқұмның жасы шамамен 20-30 жаста.

"Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, әйел бір жылдан астам уақыт бұрын қайтыс болған. Мәйіттің сүйек қанқаларында жарақат анықталмады. Жедел шаралар мәйіттің жеке басын анықтауға және қылмысты ашуға бағытталып отыр", - деп хабарлады полиция.

Әйелдің өлімі бойынша қылмыстық кодекстің 99-бабына ("адам өлтіру") сәйкес тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

БАҚ көздерінде жарияланған ақпаратқа сүйенсек, әйелдің денесі алдымен көрпеге салынып, содан кейін скотчпен оралған.

Еске салсақ, бұған дейін біз Шымкентте бензин ішіп қойған үш жасар бала ажалдан аман қалғанын жазған едік.

Одан бөлек, Нұр-Сұлтанда мас күйінде көлікке отырған әйел жол апатын жасағанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879741-krpege-salyp-skotcpen-orap-tastagan-symkentte-jeldi-mjiti-tabyldy.html