Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"B2B Jewelry" қаржы пирамидасына ақша салған 10 мыңнан аса адам сан соғып қалды

Опубликовано:

Теңге
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматыда "B2B Jewelry" қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты тергеу жалғасуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қаржы министрлігі қаржылық мониторинг комитетінің Facebook парақшасына сілтеме жасап.

ҚМ ҚМК баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаржы пирамидасы зергерлік дүкендер желісінің атын жамылып жұмыс істеген.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, күдікті алаяқтар өз құрбандарына сатып алу сомасының 104% -ын қайтарып беру кепілдігімен зергерлік бұйымдарды ұсынған.

Одан бөлек, клиенттерге алтын мен күміске сыйлық сертификаттарын ұсынып, жылына 520% ​​дейін кіріске кепілдік берген. Түскен табыс сатып алынған сертификаттың құнына және пирамидаға қатысатын адамдар санына байланысты болған.

Тергеу барысында Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері пирамида салымшыларының қолма-қол ақшаларын алған. Олардың жалпы құны 560 млн теңге, 303 мың доллар және 3,5 еуро.

Ал Қазақстан бойынша 10 мыңнан астам адам салымшы болған.

"Қазіргі уақытта 217-бап, 3-бөлім, 2-тарауы бойынша (қаржылық (инвестициялық) пирамидаға немесе оның құрылымдық бөлімшесіне басшылық ету) сотқа дейінгі тергеу аясында жедел-тергеу шаралары жүргізілуде", - делінген ҚМ ҚМК.

Еске сала кетсек, Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері еліміздің 14 аймағы мен 17 қаласында филиалы бар қаржы пирамидасы қызметінің жолын кескенін хабарлаған едік.

Сондай-ақ, ІІМ "Гарант 24", "Выгодный займ" және "Estate Ломбард" ломбард басшыларының тәркіленген мүлкі туралы мәлімет берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1879746-b2b-jewelry-karzy-piramidasyna-aksa-salgan-10-mynan-asa-adam-san-sogyp-kaldy/

pixel