Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әзірбайжан президенті: Бізде жалдамалы адамдар жоқ

Опубликовано:

Әзірбайжан
Ильхам Алиев. Фото: Azerbaijani Presidency / Handout/Anadolu Agency via Getty Images

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев ешбір ел Таулы Қарабақта жалдамалы адамдарды қолданғаны туралы дәлел келтірмегенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Бізде жалдамалы адамдар жоқ. Бұл ресми мәлімдемеміз. Қақтығыс басталғаннан бері екі аптадан астам уақыт өтті, бірде-бір ел бізге аталған мәселе бойынша ешқандай дәлел келтірген жоқ. Сонымен қатар, біз бұны қажет етпейміз. Біздің армиямыз 100 мың адамнан асады. Бүгінде ұрыс даласында жасағанымыздың барлығы әскеріміздің өз жерін азат етуге қабілетті екендігін көрсетті", - деді Әлиев France 24 телеарнасына берген сұқбатында.

Айта кетсек, 27 қыркүйекте Әзірбайжанның қорғаныс министрлігі Армения қарулы күштерінің әрекетіне "қарсы шабуыл" бастайтындарын мәлімдеген.

Өз кезегінде Таулы Қарабақ елдімекендерге, соның ішінде Степанакертке артиллериялық шабуыл жасалғанын жеткізді.

Әскери іс-қимылдардың нәтижесінде екі тараптан да әскерилер мен азаматтар қаза болды.

Бұған дейін мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасының президенті Араик Арутюнянның Әзірбайжанға үндеу жасағанын хабарлағанбыз.

Ол жақында Степанакерт қаласында болған атыстарға байланысты Қарабақ әскерилері соғыс қимылдарын Әзірбайжан аумағының ішіне қарай ауыстыруға мәжбүр болатынын мәлімдеді.

Сондай-ақ, Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілгенін де жазған едік.

Әзірбайжанның қорғаныс министрлігі Арменияның әуе күштері Қарабақпен шекарадағы елді мекендерді атқылағанын хабарлады. Осы мәліметтерге сәйкес, бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар. Арменияның қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, Қарабаққа әуеден шабуыл жасалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1879748-zirbajzan-prezidenti-bizde-zaldamaly-adamdar-zok/

pixel