Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кісі көп, рұқсат бар ма": Тойда ән салған Шахизада желіде қызу талқыға түсті

Опубликовано:

Шахизада тойда
Фото: Instagram/shahizada.art

Отандық танымал әнші Шахизада Байбатжанова думанды той кезінде өнер көрсеткен сәтімен бөлісемін деп, басы дауға қалды. Көпшілік карантин кезінде тым көп адам шақырылған дүбірлі жиында жүрген өнер иесін сұрақтың астына алып, қызу талқылады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шахизада Байбатжанова Instagram парақшасында тойда ән сала, би билеп жүрген видеосын жариялап, елдің асқан қызығушылығын тудырды.

"Қазақтың тойы бітпесін және бітпейді де. Жастар бақытты болсын" , - деген жазба қалдырды әнші бейнежазба астында.

Желі қолданушылары бірден карантин кезіндегі дүбірлі шарада өнер көрсеткен эстрада жұлдызына шүйлігіп, оған өз сұрақтарын жаудырған.

Олардың басым көпшілігі той-томалақтарға деген үкімет тарапынан рұқсаттың бар-жоғын анықтап өтуін сұраған. Бейнежазбаны көрген көпшілік отбасылық қуанышта бекітілген отыз адамнан да көп мейман жиылғанын жарыса жазуда.

"Киіміне мақтанып тұрғандай" , "Айтыңдаршы, бәрі барып жатыр. Осы тойларға рұқсат бар ма?" , "Сіз жүрген тойда адам тым көп секілді" , "Расымен тойды сағындық. Алайда, карантин де ойыншық емес. Барынша сақтануымыз да қажет" , "Кісілер тым көп екен. Рұқсат берілді ме?" , "Рұқсат алдыңыздар ма? Әлде бәрі секілді тығылып жасап жүрсіздер ма?" , - деп жазуда желі қолданушылары.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбедегі тойда ән салғанын жариялаған Гүлнұр Оразымбетованың да басы дауға қалған болатын. Әнші аталмыш видоеның мұрағаттан алынғанын айтса да, ақтөбелік санитар дәрігерлер оның нақты қашан және қайда болғанын анықтап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1879775-kisiler-kp-rksat-bar-ma-tojda-n-salgan-sahizada-zelide-kyzu-talkyga-tsti/

pixel