RU

Ғалымдар коронавирустың жастарға әкелер қаупін түсіндірді

Алаяқ1
Көрнекі фото: Mikhail Tereshchenko\TASS via Getty Images

Ғалымдар коронавирустың жастарға әкелер қаупін түсіндірді. Адамдарда дененің қорғаныс механизмдерін бұғаттайтын антиденелер болуы мүмкін, бұл жағдайда коронавирустың ауыр түрі дамуы мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

COVID-19-дан қайтыс болғандардың көпшілігі егде жастағы адамдар болса да, жастар мен балалардың 5-10 пайызы SARS-CoV-2 вирусын жұқтыруы мүмкін. Әлем елдерінің зерттеушілері неге коронавирус жұқтырған кейбір адамдар қатты ауыратынын, ал басқалары COVID-19-ды аса сезінбейтінін анықтауға тырысты. Берген университетінің зерттеушілері және олардың француз әріптестері сұраққа жауап тапқандай.

"Біз COVID-19 жұқтырып, ауыр халде жатқан адамдардың организмінен қорғаныс механизмінің маңызды бөлігі болып табылатын интерферондарды бұғаттайтын антиденелердің болатындығын анықтадық", – дейді Берген университетінің (UiB) клиникалық ғылымдар департаментінің профессоры Эйштейн Хусебай.

Хусебай бұл зерттеуге қатысқан, өйткені оның APS1 иммундық ауруы бар науқастармен жұмыс істеуде тәжірибесі мол. APS1 – ауыр, бірақ сирек кездесетін иммундық ауру. APS1 бар науқастарда интерферондарға қарсы антиденелердің концентрациясы жоғары.

Егер бұл науқастар COVID-19 жұқтырса, олардың денелері өздерінің иммундық жүйелеріне қарсы жұмыс істейді. Коронавирус жұқтырған еркектерде интерферондарға қарсы антиденелер көп болады, бұл әйелдердің өлу ықтималдығы төмен болатындығын және коронавирус инфекциясының ауыр белгілерімен аз ауыратындығын түсіндіреді.

Иммундық жетіспеушілік – бұл COVID-19-дан жастардың неліктен қайтыс болатынын түсіндіретін жұмбақтың бір бөлігі ғана. Егде жастағы адамдар әдетте күрделі себептермен көз жұмады", – дейді Эйштейн Хусебай.

Еске салсақ, денсаулық сақтау министрлігі дәрігерлердің инфекцияның жаңа түрі – абдоминалды COVID-19 туралы алаңдаушылығына пікір білдірген болатын.

Айта кеткен жөн, елімізде КВИ жұқтырғандардың саны бір тәулік ішінде өсіп кетті. Күні кеше тағы 110 адамның коронавирус инфекциясына тапсырған ПТР тесті оң нәтиже көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879783-galymdar-koronavirusty-zastarga-keler-kaupin-tsindirdi.html