RU

Теміртау маңындағы тас жолда көлігін жөндеп тұрған ер адамды қағып кетті

Тас жол
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы-Екатеринбург тас жолы маңында өз көлігін жөндеп жатқан 58 жастағы ер адамды "ГАЗель" жүргізушісі қағып кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Теміртау маңындағы Алматы-Екатеринбург тас жолында болған. Жәбірленуші өзін соғар кезде жол жиегінде өзінің жүк көлігін жөндеп тұрған.

Оны 38 жастағы "ГАЗель" жүргізушісі қағып кеткен. Болжам бойынша жүргізуші адамды көрмеген немесе жылдамдықты азайтып үлгермеген.

Бұл оқиғаның мән-жайын тергеу органдары анықтап жатыр. Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі жол-көлік оқиғасына пікір білдірді.

"Зардап шегуші алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. Жол-көлік оқиғасы дерегі тіркеліп, тергеліп жатыр. ҚР ҚК 345 бабы 3 бөлімі бойынша (Абайсызда адам өліміне әкеп соқтыратын жол ережелерін бұзу) қылмыстық іс қозғалды", - деді ведомстводан.

Еске сала кетейік, бүгін 15 қазанда Щуцинск қаласында жол апаты болды. Бақылау камералары жантүршігерлік апат болған сәтті түсіріп алды.

Кадрларға қарағанда Lexus маркалы автокөлік қызметтік көлікті қатты жылдамдықпен келіп соққан. Апат салдарынан Lada-21214 көлігінде отырған полиция қызметкерлері оқиға орнында қайтыс болған.

Кейін марқұм полицейлерге қатысты дерек шықты. Олардың бірінің артында үш баласы мен әйелі, ал екіншісінің соңында бір баласы мен аяғы ауыр келіншегі қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879791-temirtau-mayndagy-tas-zolda-kligin-zndep-trgan-er-adamdy-kagyp-ketti.html