RU

Республикалық ветеринариялық зертхананың басшысы ұсталды

Республикалық ветеринариялық зертхананың бастығы Нұрлан Сбанов ұсталды
Нұрлан Сбанов. Фото: rvl.kz

"Республикалық ветеринариялық зертхана" РМК-ны басқаратын Нұрлан Сбанов жарты миллиард теңгені жымқырды деген күдікпен ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Время" басылымына сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, Нұрлан Сбанов осы жылдың 14 қазанында ұсталған.

Белгілі болғандай, Сбановқа қатысты наразылық Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің экономикалық тергеу қызметінен туындаған.

Ол 500 миллион теңгені жымқыруға қатысы болуы мүмкін деп болжануда. Жануарларға сараптама жүргізу үшін шығын материалдарын сатып алуға қаражат бөлінген. Басылымның хабарлауына сәйкес, экономикалық тергеу қызметкерлері бұл ақша ұзақ уақыт бойы қолды болып отырған деп болжайды.

Ведомствоның ақпараты бойынша, кәсіпорын басшысы жеткізушілерді таңдауға мүмкіндігі болған, сонымен қатар ол көтерме бағамен тауар ұсынатындарды да таңдаған.

Сонымен қатар басшы қызметіне тағайындалғанға дейін ол бас директордың өндірістік қызмет жөніндегі орынбасары болғандығы айтылды.

Экономикалық тергеу қызметіне сілтеме жасаған басылым жақын арада бұлтартпау шарасын санкциялау мәселесі шешілетінін хабарлады.

"Материалды көшіріп басу, тарату тек "Время" басылымының рұқсатымен ғана жүзеге асады"

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда экономикалық тергеу департаментінің бұрынғы қызметкері кәсіпкерден 30 млн теңге бопсалады деген күдікпен ұсталғаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында 27 млн теңге жымқырды деп күдіктелген мемлекеттік бөбекжай-бақшаның меңгерушісі мен бухгалтеріне сот үкімі шыққанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879795-respublikalyk-veterinarialyk-zerthanany-bassysy-nrlan-sbanov-staldy.html