RU

Орал әкімі айына қанша жалақы алатынын айтты

Абат Шыныбеков
Абат Шыныбеков. Фото: instagram.com/abat_shynybekov

Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков брифинг кезінде өзінің ай сайын қанша жалақы алатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Журналистер облыс орталығының жетекшісінен айына қанша жалақы алатынын ғана емес, банктерде несиесі бар-жоғын сұрады.

"Барлық шегерімдер мен салықты ұстағаннан кейін менің ай сайынғы жалақым 387 мың теңгені құрайды. Несиелер де болады", - дейді Абат Шыныбеков.

Айта кету керек, Орал әкімі орынбасарларының айлығы қанша екенін жария еткен жоқ.

Шенунік жалақысын жария еткен соң, қалалықтар да өз ойларын ортаға салған.

"Білдей бір қаланың басшысы, ал орташа жалақыдан төмен алады", - дейді пікір жазушылардың бірі.

Еске сала кетсек, жақында ғана Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев салықтар мен зейнетақы аударымдарын шегергенде қолына 380 мың теңге алатынын мәлімдеген еді.

Осыған дейін жалақыға қатысты сұраққа Қостанай қаласының әкімі де жауап берген еді. Шаһар басшысының cөзінше, ол айына 484 мың теңге алады.

Ал Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің жалақысы 766 000 теңгені құрайды, бұл қала басшысының жалақысынан 300 000 теңгедей артық.

Сонымен қатар Мемлекеттік қызмет істері агенттігі басшысы ОКҚ-дағы онлайн брифингте мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеру арқылы сыбайлас жемқорлықты жоюға бола ма деген сауалға жауап берген болатын.

Анар Жайылғанова шенеуніктердің санын қысқарту арқылы президенттің тапсырмасы бойынша қалған мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеру жоспарланып отырғанын еске салған.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1879800-oral-kimi-ajyna-kansa-zalaky-alatynyn-ajtty.html