RU

Жээнбековтың отставкасынан кейін ереуілшілер парламенттің таратылуын талап етті (видео)

Садыр Жапаровтың жақтастары митинг өткізуде
Оқиға орны. Фото: 24.kg

Қырғызстан үкіметінің басшысы Садыр Жапаровтың жақтастастары президент отставкаға кеткеннен кейін парламенттің таратылуын талап етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Sputnik Қырғызстан агенттігінің жазуынша, жаңа премьер-министрдің жақтастары ел президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кеткен соң жаңа талап қойған.

Олар қазіргі парламентті таратып, екі күн бұрын тағайындалған Жогоргу Кенеш спикерін алып тастауды қалайды.

Бүгін, 15 қазанда Қырғызстан президенті Сооронабай Жээнбеков отставкаға кетті. Ол өз шешімін агрессияның басылмай тұрғанымен, көпшілік өзінің орнын босатуын талап етіп жатқанымен түсіндірді.

Жээнбековтың сөзінше, ол Қырғызстан тарихында өз азаматтарына оқ атып, қан төккен президент ретінде қалғысы келмейді.

Акиpress басылымының жазуынша, Конституцияға сәйкес, егер президент өз өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатса, жаңадан сайлау өткенге дейін мемлекет басшысы қызметін Жогоргу Кенеш спикері - екі күн бұрын тағайындалған Қанат Исаев атқарады. Ереуілшілер Исаевтың отставкаға кетуін талап етіп жатыр.

Айта кетсек, Сооронбай Жээнбеков жаңа премьер-министр Садыр Жапаровпен кездескен еді. Жапаровтың талабы бойынша Жээнбеков отставкаға 14 қазанда кешке кетуі керек болған.

Алайда оның баспасөз хатшысы Толгонай Стамалиева президенттің және мемлекет басшысы баспасөз қызметінің бірде-бір мәлімдемесінде қызметтен кетудің нақты күні көрсетілмегенін жеткізген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879807-zeenbekovty-otstavkasynan-kejin-ereuilsiler-parlamentti-taratyluyn-talap-etti-video.html