Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавируспен мүлдем ауырмайтын кімдер

Опубликовано:

Евгений Комаровский
Евгений Комаровский. Фото: persona.top

Танымал педиатр әрі тележүргізуші Евгений Комаровскийдің айтуынша, кейбір адамдарда коронавирусқа қарсы туа бітті иммунитет болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

Украиналық педиатр Евгений Комаровский журналист Дмитрий Гордонға сұхбат беріп, кімдердің коронавируспен ауырмайтынын айтып берді.

"Көптеген адамдарда коронавирусқа қарсы туа бітті иммунитет бар сияқты. Олар ауырмайды", - деді Комаровский.

Оның сөзінше, мұндай иммунитеттің механизмі әзірге түсініксіз. Бұл бақытты адамдардың қанында коронавирусқа қарсы антидене жоқ. Дегенмен, Коморовскийдің айтуынша, олар ауырмайды.

Дәрігер COVID-19 инфекциясын әлі ұзақ әрі мұқият зертету керектігін айтты.

Еске сала кетсек, еліміздің денсаулық сақтау министрлігі дәрігерлердің инфекцияның жаңа түрі – абдоминалды COVID-19 туралы алаңдаушылығына пікір білдірген болатын.

Сондай-ақ, министр Алексей Цой жыл соңына қарай қазақстандықтарда COVID-19-ға қарсы иммунитет төмендеп, вирус жұқтыру қаупі артуы мүмкін екенін айтты.

Оның сөзінше, ғалымдардың бағамдауына сәйкес, коронавирус белгілері болмаса да ауырған азаматтарда вирусқа қарсы антидене бір ай болады. Ауруды орташа немесе ауыр деңгейде өткергендерде 3-5 ай аралығында антидене болады.

Айта кеткен жөн, елімізде КВИ жұқтырғандардың саны бір тәулік ішінде өсіп кетті. Күні кеше тағы 110 адамның коронавирус инфекциясына тапсырған ПТР тесті оң нәтиже көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1879827-koronaviruspen-mldem-auyrmajtyn-kimder-komarovskij-zauap-berdi/

pixel