Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оңтүстік Кореяда ішуге жарамды антисептик пайда болды

Опубликовано:

Антисептик1
Көрнекі фото: pixabay.com

Оңтүстік Кореяда ішуге жарамды антисептик пайда болды. Санитайзер бірнеше жыл бұрын жасалған болса да, ол коронавирус пандемиясында сұраныстағы тауарға айналған деп жазады KAZ.NUR.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Ішуге болатын антисептиктің басқа аналогтардан айырмашылығы – құрамында спирт жоқ.

Ол сондай-ақ 10 секунд ішінде бактериялар мен вирустардың 99,9 процентін жоя алатын көрінеді. Сарапшылардың сөзінше, сұйықтықты тіпті көзге шашса, микробтарды жоятынға ұқсайды.

"Иондалған сутегі антиоксидант ретінде әрекет етеді. Ол қабынуды тыныштандырады немесе емдеуге әсер етеді. Коронавирус жұқтырған, дәрі-дәрмек тағайындалмаған науқас бұл суды ішкеннен кейін температурасы төмендеді. Енді клиникалық зерттеулер жүргізу қажет. Сондай-ақ COVID-19-ды жеңген адамдарда асқынулар болады, су қабынуды азайтып оксиданттарды организмнен шығарып, жағдайды жақсарта алады", - дейді компания президенті Соль Сан Джун.

Сонымен қатар сұйықтықты бетпердеге шашып, оның қолдану мерзімін ұзартуға, үй немесе жұмыс орнын залалсыздандыру үшін де қолдануға болады екен.

Телеараның хабардауынша, жақында қазақстандықтар да бұл судың дәмін тата алады. Сұйықтықтың бір тоннасы 21-24 қараша аралығында Нұр-Сұлтанда өтетін Қазақстан-Корей форумына жеткізілмек.

Айта кетейік, бұған дейін танымал педиатр әрі тележүргізуші Евгений Комаровский коронавируспен мүлдем ауырмайтын адамдар жайлы айтқан еді.

Сонымен қатар қазақстандық маман қол жумайтын адамдар қандай ауру жұқтыруы мүмкін екенін айтып берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1879851-otstik-koreada-isuge-zaramdy-antiseptik-pajda-boldy/

pixel