Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында 16 қазаннан бастап карантин талабы қатаңдатылады

Опубликовано:

тәжфирус15
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ақмола облысы бас санитар дәрігерінің өңірдегі коронавирусқа байланысты енгізілген шектеулерді күшейту туралы қаулысы жарық көрді. Құжат 2020 жылдың 16 қазанынан бастап күшіне енеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақмола облысы ТКҚСҚБД ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қаулы мәтінінде коронавирусты таратпауға бағытталған бірқатар күшейту шарасы көрсетілген.

Мәселен, бас санитар дәрігер елді мекендер арасындағы аумақта облыс тұрғындардың қозғалысына кешкі 11-ден таңғы 6-ға дейін шектеу қояды. Бұл уақыт аралығында тек құқық қорғау қызметкерлері мен құтқарушыларға, өрт сөндірушілері мен медицина қызметкерлеріне, СЭС қызметкерлері мен облыстағы маңызды стратегиялық өндіріс нысандары жұмысшыларына ғана жүруге рұқсат.

Қаулы мәтіні бойынша, 65 жастан асқандарға көшеге шығуға тыйым салынады. Ақмола облысында қоғамдық көлік демалыс күндері жұмыс істемейді, ал таксиде екі жолаушыдан артық отыруға болмайды.

Облыс бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, саябақта үш адамнан артық жүруге болмайды. Ал өңірде орналасқан компания қызметкерлерінің 80 пайызы қашықтан жұмыс істеуі керек.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы қаласында карантин шаралары күшейетінін хабарлаған едік.

Құжатқа сәйкес, шаһарда отбасылық, салтанатты және естелік (банкеттер, үйлену тойлары, қалыңдықты шығарып салу, мерейтойлар, еске алу) бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу сақталады.

Мәдени және ойын-сауық сипатындағы түрлі қызметтерді (караоке, кальян, бильярд, түнгі клубтар, боулинг-орталықтар, жабық үй-жайлардағы аттракциондар, фуд-корттар, кинотеатрлар, балалар ойын алаңдары мен батуттар) ұсынатын мәдени-демалыс мекемелерінің, сондай-ақ демалыс күндері азық-түлік және азық-түлік емес жабық базарлардың жұмысына тыйым салу сақталады және т.б.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1879878-akmola-oblysynda-16-kazannan-bastap-karantin-talaby-katadatylady/

pixel